«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кооперация құрғандарға жеңілдік

2017 жылғы 19 Қаңтар
- Жамбыл облысы
8180 просмотров

«Атамекен Тараз» шағын қаржы ұйымы жалпы құны 231,7 миллион теңге болатын 26 жобаны мақұлдады

Ауылшаруашылық бизнесі субьектілерін, сондай-ақ ауылдағы кәсіпкер әйелдердің жобаларын шағын несиелеу мақсатымен былтырғы жылдың тамызында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігінің Қаржы басқармасы «Атамекен Тараз» шағын қаржы ұйымын (ШҚҰ) құрды.

Жобаның негізгі мақсаты, ұсынылған қаржылық үлгіге сәйкес, ауылдағы бизнесті дамыту үшін несиелеуді қолжетімді ету. Бұл жоба дәстүрлі банк жүйесінің қызметтерін пайдалана алмайтындарға арналмақ.

«Атамекен Тараз» шағын қаржы ұйымының Бақылау комитеті ауылшаруашылық кооперацияларын құру мен дамытуды ынталандыру мақсатында кооператив мүшелері болып саналатын шаруа қожалықтарын қаржыландыру туралы шешім қабылдады, – дейді ұйым директоры Айнұр Тілегенова. – Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға, бюджеттің толығуына, ауылшаруашылық кластерін дамытуға ықпал етеді».

Қолжетімді әрі арзан қаржыландыру түрінде көмек көрсетілген алғашқы кооператив – Меркі ауданында орналасқан «Меркі өнімдері» АӨК. Қарыз сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал басын сатып алу мақсатында алынған, бұл «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС үшін сүт түріндегі шикізат көлемін арттыруға мүмкіндік бермек.

Бүгінгі күнге дейін ШҚҰ Несие комитеті АӨК-тің 42 мүшесінен жалпы құны  135 миллион теңге болатын 15 өтінім қабылдап, мақұлдаған. Бұл шамамен 400-дей сүтті ірі қара сатып алуға мүмкіндік бермек.

Қордай ауданында былтыр қараша айында құрылған «АраТау» омарта кешені» агроөнеркәсіп кооперативі де несие алды. Несие комитеті ара шаруашылығын дамыту үшін, құны 15 миллион теңге болатын өтінімді мақұлдады.

«Сонымен бірге, кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін қолдау мақсатында Бақылау кеңесі ШҚҰ-ның жалпы жарналық портфелінің 10 пайызынан кем емес көлемін ауылдық елдімекендердегі, моно және шағын қалалардағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жұмсау туралы шешім қабылдады. Былтыр жалпы сомасы 16,5 млн теңге болатын төрт өтінім мақұлданды», – деп атап өтті Айнұр Тілегенова.

Оның айтуынша, Несие комитеті мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамытуға жалпы сомасы 65,5  млн теңге болатын алты өтінім мақұлдаған. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ШҚҰ жалпы сомасы 231,7 млн теңге болатын 26 жобаға қолдау білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер