«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отбасылық бизнес үлгісі

2017 жылғы 18 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
11341 просмотров

Ауыл кәсіпкерлеріне қаржылай емес қолдау көрсетіліп, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашылды

Кәсіпкерлер палатасының Ғабит Мүсіреповтің атын иемденген аудандағы филиалы кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсетіп, Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталығы басшылары мен кеңес берушілерінің кәсіпкерлер арасындағы абыройын асқақтатты.

Мәселен, Палата филиалына кеңес алу үшін Привольное ауылынан кәсіпкер Сұлтан Күшеков келіпті. Ондағы мақсаты – бизнесте жаңа бағыт ашу. Бұл ойын ол Кәсіпкерлікті қолдау орталығының қызметкерлеріне білдіргенде, олар ауылды жерде техникалық қызмет көрсету орталығын ашуға қажетті кеңестерін береді. Кеңесшілердің қолдау көрсетуімен С.Күшеков «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несиелендіруге өтінім берді. Кейін филиал қызметкерлерінің сүйемелдеуімен «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысындағы  филиалы «Кушеков С.Е» жеке кәсіпкерлігінің 3 млн теңге сомасында несие алу туралы өтінімін қарады. Кәсіпкердің, кеңесшілер мен осыған қызығушылық танытқан қаржы институтының ортақ күш біріктіруінің арқасында қажетті құрал-жабдықтар кешені сатып алынып, халықтың қажетіне жарарлық техникалық қызмет көрсету орталығы ашылды.

Кәсіпкердің анасы Райхан Күшекова да шаштараз ашуды жөн көріпті. Райхан Қабиденқызы да Палатаның филиалына келіп, «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша курстан өтуге өтінім қалдырып кеткен. Кейін, сертификат алған соң, шаштараз ашу мақсатында несие алуға өтінім берді. Күздің аяғында 1,2 млн теңге сомасындағы несие мақұлданды. Бүгінде Раушан Күшекованың салоны ауылд тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді. «Кәсіпкерлерге көмек берілгені туралы біреуден есту – бір бөлек те, сол көмекке өзің куә болу – мүлде бөлек дүние», – дейді филиал кеңесшілерінің жұмыстары туралы Раушан Күшекова.

Екі кәсіпкерге де несие алу үшін құжаттар пакетін дайындауға, кепілдік мүліктің құжаттарын реттеуге, бизнес-жоспар құруға, барлық қажетті анықтамаларды алуға көмек берілген. Нәтижесінде жаңа кәсіпорындар ашылып, жұмыс орындары пайда болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер