«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауылда отбасылық кәсіп өркендеп келеді

2017 жылғы 13 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
7680 просмотров

Аядай ғана елдімекенде шағын бизнес кең таралып келе жатыр

Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл ауданындағы филиалы Жақыповтар отбасына бизнестерін табысты іске қосуға көмектесті. Көпшілік жеке істі қалада бастау керек деп есептейді. Өйткені онда мүмкіндіктер көп. Бірақ Амангелді мен Оксананың бұл тұрғыдағы пікірлері басқаша. Олар белдерін бекем буып, шағын ғана Қабан ауылында бизнес ашты.

Барлығы оқудан басталған еді. «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген мақал текке айтылмаса керек. Ерлі-зайыпты Жақыповтар 2015 жылы Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл ауданындағы филиалында «Бизнес-кеңесші», «Бизнес-мектеп», «Бизнес-өсу» жобалары бойынша, сондай-ақ Агробіліктілік орталығының теориялық, тәжірибелік білімдерді біріктірген бағдарламасының «Мал тұқымын асылдандыру» бағыты бойынша оқу курстарынан өткен-ді.

Жеткілікті білім алған Оксана қоғамдық тамақтандыру саласында жеке бизнеспен айналыса бастады. Ал 2016 жылы Жақыповтар отбасы бизнестерін кеңейту үшін, мемлекеттік қолдауды пайдалану туралы шешім қабылдады. Кәсіпкерлер палатасы филиалының кеңесшілері бизнес-жоспар құруға, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алуға қажетті құжаттарды ретке келтіруге көмектесті. Кәсіпкер Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына өтінім өткізгенде, компания менеджері жоба сомасын азайтуды талап еткен еді. Алайда Кәсіпкерлер палатасы филиалының Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына жасаған өтінішінен соң, 1,6 млн теңге сомасындағы несие берілді. Осындай қолдаудың арқасында бизнес-ханым 9 бас сиыр мен сиыр сауатын аппарат сатып алды.

Сол уақыт аралығында Оксананың жолдасы Амангелді де ауылдастарының 18 жеке қосалқы шаруашылық базасында ауылшаруашылық өндірістік кооперативін ұйымдастырды. Мал тұқымын асылдандыру және мал шаруашылығы өнімдерін өткізу мақсатында симментал тұқымды екі бұқа сатып алды. Кәсіпкерлер палатасының филиалы бұқалар сатып алуға және селекциялық жұмыстар жүргізуге кеткен шығынның орнын толтыру үшін субсидия алуға жәрдем берді. «Қабан» АӨК Палатаның толықтай сүйемелдеуінде, Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілері төлем құжаттарын дайындауға көмектесіп, салық декларацияларын жіберіп тұрады. «Ірі қара малдың еті де, басқа өнімдері де әрдайым сұранысқа ие болады, яғни өткізу де қамтамасыз етіледі деген сөз. Біздің жобаларымызды сүйемелдегені үшін және оның нәтижесі үшін Кәсіпкерлер палатасының филиалына алғысымды білдіреміз. Филиал оқыту семинарларын жоғары деңгейде ұйымдастырды, бұл жеке істерін енді бастап жатқандар үшін ауадай қажет дүние. Біздің әріптестігіміздің жемісті болатынына сенімдімін. Алдағы уақытта, әрине, отбасылық бизнесті кеңейтуді, тағы сиырлар сатып алып, өнімдерді қайта өңдеумен айналысуды жоспарлап отырмыз. Өйткені бұл өзіміз үшін ғана емес, шағын ғана ауылымыздағы ауылдастарымыз үшін де тиімді», – деп жоспарымен бөлісті кәсіпкер Оксана Жақыпова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер