«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік қызметтерді бәсекелестік ортаға беру баяу жүруде

2017 жылғы 13 Қаңтар
6443 просмотров

Кәсіпкерлер Ұлттық банктің кейбір қызметтерін өзін-өзі реттеу саласына беруді сұрап отыр

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Заңнама және өзін-өзі реттеу департаментінің мәліметіне сәйкес, ҚР «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңының өз күшіне енгеніне алты айдан асса да, бүгінге дейін, тек екі қауымдастықтың ғана ӨРМ (өзін-өзі реттейтін мекеме – авт.) мәртебесіне қол жеткізгені анықталды. Мәселенің бұлай өрбуіне бірқатар келеңсіздіктер себеп болып отыр дейді мамандар.

Біріншіден, өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша ҚР заңы талаптарын салалық мемлекеттік органдар орындамай отыр екен. Оған дәлел, ҰКП-ға жекеменшік кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінен (аудиторлар, заңгерлер, құрылысшылар) келіп түскен шағымдар. Нақтырақ айтсақ, салалық мемлекеттік органдар ӨРМ Реестріне кәсіпкерлік субъектісі бірлестігінің енгені туралы хабарламаны екі тәулік ішінде беруден бас тартады екен.  

Екіншіден, өзін-өзі реттеу ісі, мекемеге жоғары талапты міндеттерді өз мойнына алуға міндеттейді екен. Мұндай міндеттердің ішінде мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету талабы да бар. Осыған орай, мемлекеттік қызметтерді табыстау ісі мұқият қарастырылмаған, мемлекет тарапынан көрсетілетін тиісті ынталандыру шараларынсыз, өзін-өзі реттеу ісін ерікті түрде дамыту қиынға соғып отыр.   

Сол себепті, «Атамекен» осындай ӨРМ мүшелеріне келесідегідей өкілеттіктерді беруді ұсынып отыр:

1) сатып алулар (Ұлттық банк, «Самұрық-Қазына» қоры тобы сатып алуларына, мемлекеттік сатып алуларға жеңілдіктер (шартты жеңілдік) беруі үшін, ӨРМ-ге мүше болу басты қағидат болып табылады);  

2) ӨРМ мүшелері шығаратын өнім мен көрсететін қызмет сапасына қатысты шағымды тек ӨРМ қарап болғаннан кейін ғана, мемлекеттік орган қарауына беру талабын бекіту. Бұл, өз кезегінде, ӨРМ-ге өзіне жүктелген міндеттерді (оның ішінде даулы мәселелерді сотқа дейін реттеу ісін жетілдіру мәселесі де бар) жауапкершілікпен атқаруға жол ашпақ.

3) заң деңгейінде, табысты түрде қызмет етіп келе жатқан кәсіпкерлер бірлестіктеріне (оның ішінде ерікті ӨРМ-дер де бар), аталған бірлестіктер базасында, міндетті түрде өзін-өзі реттеу мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;

Себебі, өзін-өзі реттеудің тек ерікті түрі ғана, «ерікті» түрде ӨРМ табысты түрде қызмет етіп келе жатқандығын, қоғам болып мойындау тетіктерін енгізуді қарастырады. Айта кетерлігі, өзін-өзі реттеудің аталған түрімен жұмыс жасап келе жатқан мекемелер, біршама уақыттан кейін, өздерінің тиімділігін дәлелдеп, тіпті, қандай да бір жағдайлар орын алғанда, көпшілікке маңызды міндеттерді жүзеге асыра алатындықтарын дәйектей түспек. Бұл ретте, Президент әкімшілігі Ұлттық экономика министрлігіне өзін-өзі реттеу туралы заңның, өзін-өзі реттеудің ерікті түрін негізге ала отырып, ӨРМ-нің дамуына қолайлы жағдайлар жасауға қатысты бөлімін жетілдіру қажет деген тапсырма берген еді.

4) міндетті түрде мүше болу ұстанымына сүйенген өзін-өзі реттеу жүйесін енгізген жағдайда, Ұлттық банктен реттегіш әсер ету талдауын өткізуден босату міндетін алып тастау.

Мәселен, Кәсіпкерлік кодекстің 82-бабында, егер жаңа реттегіш құрал енгізген жағдайда, (оның ішінде өзін-өзі реттеу де бар) немесе кәсіпкерлік субъектісіне қатысты реттеу ісін күшейткен кезде, Ұлттық банкті реттегіш әсер ету талдауын өткізу ісінен босату қарастырылған. Осыған орай, Ұлттық банк мемлекеттік міндеттерді бәсекеге қабілетті ортаға және ӨРМ-ге (Ұлт жоспарының 97-ші қадамы) өткізу жөніндегі реформалардың қатысушысы болып табылмайды. Осыған сәйкес, Ұлттық банк қызметтері өзін-өзі реттеуге берілетін міндеттер санатына жатқызылмайды.

Бұдан бөлек, ҰКП-ға кәсіпкерлік субъектілерінен, Ұлттық банк реттейтін қызмет салаларына (сақтандыру қызметі, инкассаторлар қызметі және т.б. ) өзін-өзі реттеу институтын енгізу туралы ұсыныстар келіп түсуде.

Осылайша, кәсіпкерлердің, кәсіпкерлік қызмет талаптарын түбегейлі жақсартуға бағытталған, мемлекеттік реформаларға қатысуына қатысты құқықтары шектеліп отыр. 

Осыған орай, Ұлттық палата ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа өзін-өзі реттеу институтын енгізу жөнінде хат жолдады. Палата сарапшылары, хатта ерікті ұстанымдарға сүйенетін өзін-өзі реттеу жүйесін дамытуға мемлекеттік органдардың қызығушылық танытпай отырғандығына баса назар аударды. Тиісінше, мемлекеттік органдар өзін-өзі реттеу қызметі мен оны құруға бағытталған шараларды қолға алмауы салдарынан, кәсіптік және кәсіпкерлік ортаға қажет жағдайлар жасалмай отыр.

Сонымен қатар, заңның 29-бабы 2-тармағына сәйкес, өкілетті орган мен реттеуші мемлекеттік органдар, ерікті мүше болу (қатысу) қағидатына сүйене отырып құрылған өзін-өзі реттеуші мекеме (қатысушы) мүшесін мемлекеттік бақылау және тексеру барысында, осындай мүшеліктің (қатысушы) тәуекелді бағалау жүйесінде міндетті түрде болуын талап етіп отыр. Десе де, бүгінгі күні, бірде-бір реттеуші орган тәуекелді бағалау жүйесіне (тәуекел деңгейін бағалау қағидаттары мен тексеру қағаздары) тиісті өзгертулер енгізбеген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер