Жемқорлыққа қарсы Жол картасы іске қосылды
«Атамекен» мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа және жергілікті жерлердегі шенеуніктердің жүгенсіздігіне қарсы күш біріктірді
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қос тараптың арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру бойынша Жол картасын жасады.
Атап өтерлігі, тараптар, келісімге 2016 жылы Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі республикалық форумында қол қойған еді.
Жол картасы 2017 жылға жоспарланған және жалпы алғанда, бизнестің дамуына кедергі келтіретін жүйелік мәселелер мен кедергілерді анықтауға, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталған. Құжатта мемлекеттік қызмет көрсету механизмдерін, заңнама нормаларын, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін мемлекеттік қызметкерлерді жауапқа тарту тәжірибелерін қолдануды жетілдіру жөніндегі шаралар жоспарланған.
Жол картасына квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер бойынша, жеке ұйымдарда шешім қабылдаудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету механизмдері бойынша мәселелер енгізілген.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды бірлесіп жүргізеді, ал олардың нәтижелері отырыстар мен алқалы жиындарда қаралады.
2017 жылдың басынан бастап салықтық әкімшілік жүргізуден бастап, ветеринарлық қадағалау мәселелеріне дейінгі 16 салада сыбайлас жемқорлық қаупіне талдау жүргізіледі. Бұл жұмысты Қазақстанның барлық өңірлерінде өңірлік Кәсіпкерлер палаталары мен Агенттіктің департаменттері жүргізеді.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік Кәсіпкерлер палаталарына осы салаларда қоғамдық мониторингтер жүргізу туралы хаттар жіберді. Мониторинг барысында қолжетімді дереккөздерден ақпараттар жиналады, соның ішінде кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың арыздары, БАҚ-та жарияланған материалдар және т.б. бар.
ӨКП-ның байланыс нөмірлері өңірлік БАҚ-та жарияланады. Қызығушылық танытқан тұлғалар Ұлттық палатаның сall-орталығына хабарласа алады (сөйлесу тегін, қоңырауларды ӨКП-ға бағыттау қарастырылған): 59-79-60 (кез-келген қаладан), 259-79-60 (Алматы қаласы үшін).
ҰКП мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Жол картасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: