«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бухгалтерлер клубы қызметіңізге әзір

2017 жылғы 10 Қаңтар
- Қызылорда облысы
7942 просмотров

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған Бухгалтерлер клубының өрісі кеңіп келеді

Егер клубтың алғашқы жиындарына 4-5 бухгалтер қатысып келсе, қазір олардың саны 40-50 адамға жетті.

«Бухгалтерлер клубын құрудағы мақсат кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету еді. Бизнес жүргізу кезінде бухгалтердің қызметі басты рөлдердің бірін иеленетіні бәрімізге белгілі. Ұйымның жұмысын бухгалтерсіз елестету мүмкін емес. Жұмыс дұрыс жүруі үшін, осы саладағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі барлық өзгерістер туралы хабардар болып отыру қажет. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының арқасында кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлері салық төлеу саласындағы жаңалықтар туралы шынайы ақпараттарды дер кезінде алып отыр», – дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Бухгалтерлер клубы құрылған сәттен бастап кәсіпкер-бухгалтерлерге Салық кодексіне енгізілген өзгерістер, электронды шот-фактураны енгізу тәртібі, ақпараттық жүйеге тіркелу, 1С жүйесі арқылы электронды түрде алынған электронды шот-фактураны толтыру тәртібі, алкогольды өнімдерге ілеспелі құжаттарды рәсімдеу және қолдану қағидаларындағы өзгерістер, кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртіптері, табыс және кіріс салығы сынды бухгалтерлерді толғандыратын мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді. Клубтың жиындарында Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының, «Сауда технологиялары» ЖШС-ның мамандары да баяндамашы қызметін атқарды.

Клубтың кезекті отырысы қаңтар айының басында өтті. Жиында Салық кодексіне 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер мен 1С бағдарламасындағы, салық есеп-қисабындағы өзгерістер талқыланып, түсіндірілді.

Клубтың жиындарына Қызылорда қаласының тұрғындары ғана емес, сондай-ақ аудан кәсіпкерлері де қатыса алады. Ол үшін тілек білдірушілер клубтың отырысы өтетін күні Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына барулары тиіс, сол жақта кеңесші-менеджерлер оларды селекторлық режимде жиналысқа қосады. Клуб жиналысын өткізу туралы сұрақтар туындаған жағдайда, Палатаның сарапшы маманы Гүлдана Таңатоваға хабарласуға болады. Телефон нөмірі: 8 /7242/ 40-09-81 /ішкі 4311/. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер