ЕАЭО Кедендік кодексі: бизнеске пайдалы өзгерістер
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсыныстарының шамамен 60%-ы Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі туралы келісімді жасау барысында қолдау тапты
2016 жылдың 26 желтоқсанында Санкт-Петербордағы Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары Одақтың Кедендік кодексі туралы Келісім жобасына қол қойды.
ЕАЭО Кедендік кодексі 2017 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді деп жоспарлануда.
Жаңа құжат үш жылдан бері, яғни 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап жасалды. Алғаш рет бұл процеске тек мемлекеттік органдардың өкілдері ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бизнес-орталарының сарапшылары да қатысты.
2013 жылдың қазанында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен жасалған кедендік заңнаманы жақсарту жөніндегі Жұмыс тобының құрамында қазақстандық бизнестің мүддесін қорғау «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры, Кедендік әкімшілік департаментінің директоры Дина Мамашева мен Қазақстандық кедендік брокерлер/өкілдері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаковқа бұйырды.
Дина Мамашева Кодексті жасауда Қазақстан және Ресейдің іскерлік орталары анағұрлым белсенділік танытқанын атап өтті.
«Еуразиялық экономикалық комиссиясы алаңындағы Жұмыс тобының шешімін іске асыру үшін ЕАЭК КК жобасын дайындау бойынша Сарапшылар тобы құрылды. Сарапшылар тобының жұмысына Қазақстанның «КТЖ» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ, «Филипп Моррис Қазақстан» ЖШС, «Еуразиялық Топ» ЖШС, «Азия Авто» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «KAZLOGISTIСS» Көлік тасымалдаушылар одағы және тағы да басқа бизнес-қоғамдастықтары белсенді қатысуда.
ЕАЭО КК жобасы бойынша Жұмыс тобының 25 отырысы, ЕАЭО КК туралы Келісім жобасы бойынша келіспеушіліктерді реттеуге өкілеттілігі бар жоғары деңгейдегі қызметтік тұлғалардың 14 жиыны болып өтті. Осы отырыстар аясында 400-ден аса мәселе (шамамен 1200 түзету) қаралды. Сараптамалық топ 32 отырыс өткізді.
Сонымен қатар екі мемлекетішілік келісім процедурасы өткізілді. Бірінші процедураны 2015 жылы Кедендік одаққа мүше елдер (БР, ҚР және РФ), өткізсе, екіншісі 2016 жылы ЕАЭО-қа мүше елдер бойынша (АР, БР, ҚР, ҚР және РФ) өтті.
ЕАЭО КК туралы Келісім жобасының мемлекетікшілік келісім беруді өткізу қорытындылары бойынша 2015 жылы Кедендік одаққа мүше елдерден 1500-ден аса ұсыныс келіп түсті. Қазақстан Республикасы әзірлеген 552 түзетудің 70 пайызға жуығы (ҰКП мен мемлекеттік органдардың ортақ ұстанымы) қабылданды.
«ЕАЭО КК туралы Келісім жобасына мемлекетішілік келісім берудің қорытындысы бойынша 2016 жылы ЕАЭО-қа мүше елдерден 600-ге жуық ұсыныс пен ескерту келіп түсті», – дейді Дина Мамашева.
Ұлттық палата бизнестің бұған дейін талқыланған ұсыныстарын ескеріп, Мемлекеттік келісім беру аясында 87 түзетуден тұратын пакетті ұсынған.
Бұл түзетулер қатарында терминдер, алдын ала ақпарат ұсыну, «Қорғас» ШЫХО-ға қатысты түзетулер, тауарларды СЭҚ (Сыртқы экономикалық қызметтің) тауар номенклатурасына сәйкес жіктеу, тауарлардың шығу тегі, кедендік құн, кедендік төлемдер, кедендік бажға қосымша төлем (ДСҰ мөлшерлемелері бойынша рәсімделген), кедендік төлемдерді қайтару (есептеу), кедендік төлемдерді төлеу бойынша міндеттерді атқаруды қамтамасыз ету бар.
«Ұлттық палата ұсынған түзетулердің 60%-ы қолдау тапты», – деп атап өтті Дина Мамашева.
Игілікке бағытталған ұсыныстар
ЕАЭО Кедендік кодексі Еуразиялық экономикалық Одақтағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді регламенттейтін базалық құжат болып саналады, сонымен қатар Одақтың құқығын құрайтын негізгі құжаттар қатарына кіреді.
ЕАЭО Кедендік кодексінің жобасын жасауға Ұлттық палатаның қатысуы бұл стратегиялық құжатты дайындау және талқылау кезеңінде Қолданыстағы заңнама мен қазіргі құқық қолдану тәжірибесінің жетілмеуінен, кедендік процестерді жаңарту, әкімшілік кедергілерді азайту, кеденік шекаралардан өтуді жеделдету және мемлекеті ішіндегі кедендік тазартуді өткізу, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар мен кедендік іс жөніндегі халықаралық стандарттарды енгізу қажеттілігінен туындайтын кәсіпкерлік ұйымдардың көптеген проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, СЭҚ қатысушыларымен және шекара маңы инфрақұрылымының өзге де қатысушыларымен өзара қарым-қатынас орнату кезінде кедендік органдар тарапынан орын алатын жемқорлық іс-әрекеттерді (тасымалдаушылар, қойма қожайындары, ЕЭА резиденттері, кедендік брокерлер және т.б.) болдырмау қажеттілігі салдарынан орын алатын проблемаларды шешуге сеп болады.
«Жобаны дайындаушылар алдында негізгі міндет – қазіргі кедендік заңнаманы жаңартудан басқа, Кедендік одақтағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін 30-дан астам халықаралық келісімшартты тікелей Кодификациялау міндеті тұрды. ЕАЭО Кедендік Кодекс жобасын дайындау кезінде бизнес ұсынған негізгі мәселе – айқын және нақты құқықтық қатынастар орнату болып отыр. Себебі сол арқылы әрбір қожалық етуші субьект өз құқықтары мен міндеттерін білетін болады; кедендік органдар тарапынан шешім қабылдау кезінде, оның ішінде ақпараттық жүйе мен ақпараттық технологияларды қолдану есебінен субьективизмді жою; кедендік операцияларды жасау мерзімдерін қысқарту, кеден ісі бойынша алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу; өкілетті экономикалық операторлар институттарын әрі қарай дамыту, және жалпы заңнамадағы – тікелей кедендік, сонымен қатар басқа да заңнаманың саласындағы қақтығыстарды жою мүмкіндігі туады», – деп түсіндірді Дина Мамашева.
Сан қырлы кодекс
Үш жылғы жұмыстың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі (ЕАЭО КК) жобасы 9 бөлімнен, 61 тараудан және 465 баптан тұрады.
Кодекстің негізгі қырлары:
- Электронды кедендік декларациялауға басымдық беру және тек айрықша жағдайларда ғана жазбаша декларациялауды қолдану – бұл Кодекстің негізгі жетістігі, біз қағазбастылықтан құтыла аламыз;
- Кедендік декларацияны және тауарларды шығаруды тіркеумен байланысты кедендік операцияларды кедендік органдардың ақпараттық жүйелерін қолдану арқылы автоматты түрде жасау мүмкіндігі – бүгінде тек санаулы ғана әлем елдерінде іске асыру мүмкін болған бірегей жаңалық;
- Декларация мен транзиттік декларацияда тауарларға қатысты көрсетілуі керек мәліметтерді оңтайландыру – елеулі қысқартулар болған жоқ, бірақ алдағы уақытта осындай мәліметтерді қысқарту мүмкіндігі орнатылған;
4. Кедендік органға негізге ала отырып толтырылған құжаттарды көрсетпей-ақ кедендік декларацияны беру мүмкіндігі – транзитті декларациялаудан бастап шығарылғанға дейінгі кез-келген процедураның (негізгі қағида – тек электронды декларация ғана, құжаттар тек тәуекелдер жүйесі негізіндегі құжаттар) барлық кезеңдерінде декларациялаудың арыздану мүмкіндігі қарастырылған;
5. Кедендік аумаққа тауарларды әкелумен және оларды әкетумен, кедендік декларациялаумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жүзеге асыру кезінде бір терезе механизмін пайдалану. Бұл бірреттік құжаттарды көрсету қағидасы, егер ақпарат мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында болса, онда кедендік бақылау кезінде ол көрсетілмейді;
6. «Декларант» ұғымы қайта қарастырылды, бұл декларацияны оңайлатуға, сыртқы экономикалық келісім түсінігінен арылуға, Одақ резиденттері арасындағы мәміле бойынша кедендік шекара арқылы тасымалданатын тауарларды декларациялау бойынша проблемаларды болдырмауға мүмкіндік берді;
7. Тапсыруға дейін (кедендік декларациялауға дейінгі) шығару мүмкіндігі кеңейтілді – мұндай мүмкіндік тек қана ӨЭО (өкілетті экономикалық оператор) және экспресс-жүктер бойынша тауарларға ғана емес, сондай-ақ инвестициялық келісімшарт пен экономикалық рәсім аясында да беріледі. Бұл келіп түсетін жүктердің 70 пайызға жуығын декларациясыз-ақ тез арада қолдануға мүмкіндік береді, декларацияны төлем бойынша пайызсыз бір ай ішінде беру;
8. Импорттық кедендік баж салығын төлеу бойынша мерзімін ұзарту мәселесі қайта қаралды. Енді тауарларды төлеу мерзімі 30 күнге дейін өтіп кеткен тауарларды шығару, егер қамсыздандыру ұсынылған және пайыздары алдағы уақытқа төленіп қойған жағдайда ғана мүмкін болмақ. Пайызсыз төлем мерзімін ұзарту мүмкін болатын жағдайлар тізімі де қарастырылған және Комиссия шешімі арқылы қосымша кеңейту мүмкіндігі де бар;
9. Алдын ала ақпараттандыруды ұсыну және пайдалану механизмдері қайта қаралды – кедендік органдар ұсынылған ақпаратты бағалауға, оны декларанттың өтініші бойынша әкелу туралы хабарлама, уақытша сақтау, транзит, декларациялау құжаты ретінде пайдалануға міндетті. Алдын ала ақпараттандыру жүйесін енгізу арқылы жүктердің шекара арқылы өту процедураларын шын мәнінде жеделдету және жеңілдету мүмкіндігі туады;
10. Алдын ала декларациялау тәсілдері нақты регламенттелді – жаңа тыйымдар мен шектеулерді қоспағанда, заңнама өзгерісі бұған дейін берілген декларацияның шығару жөніндегі шарттарын өзгерте алмайды. Егер жүк алдын ала декларацияланған болса, онда мөлшерлемелер өзгерген жағдайда қосымша төлемдер болмайды;
11. Классификациялық шешімдерді қайта қарау мәселелері нақты регламенттелді. Егер тауарларды жіктеу үшін көрсетілген құжаттардың жалғандығы нақты расталмаса, алдын ала жарияланған код бойынша қосымша ақы жөніндегі жаңа классификациялық шешімдерді қабылдау қажет болмайды. Енді кедендік тексеру кезінде СЭҚ ТН (тауар номенклатурасы) кодтарын қайта қарау кәсіпкерді өсімпұл төлеуге міндеттемейді. Бұл арыз беру мерзімін қысқартпауға және бар назарды кедендік бақылаудан кейін жүзеге асырылатын тексеріске аудармауға мүмкіндік береді;
12. Өкілетті экономикалық операторларға арналған арнайы жеңілдіктер тізімі айтарлықтай кеңейген – ӨЭО-ның жаңа жүйесі тасымалдаушы, қойма қожайыны, делдал, декларант секілді өкілетті операторлардың тұтас бір тізбегін құруға мүмкіндік береді. Өкілетті тасымалдаушы жүріп-тұруға барынша еркіндік алып, кедендік транзит процедурасы бойынша тауарларды тасымалдау кезінде болатын тексерістер де азаяды. Транзит жөніндегі өкілетті оператор ЕАЭО-ның тұтас аумағында мойындалатын болады. Адал ниетті тасымалдаушы транзиттік тасымалдауларды ЕАЭО-ның бүкіл аумағы арқылы жүзеге асыра алады. Оған барынша көп жеңілдіктер беріліп, тексерістер барынша азайтылады;
13. Транзит кезінде тексерістен өткізу мерзімі қысқарды. Егер барлық кедендік процедуралар бойынша жоғарғы шығару мерзімі (алдын ала қарау, тексеру, сараптама және т.б.) 10 күн болса, онда транзит үшін – 5 күн деп бекітілді;
14. Бір ғана тасымалдау құжаты бойынша мультимодальды тасымалдарды декрарациялау мүмкіндігі қарастырылды. СЭҚ қатысушыларына жолда келе жатқан барлық жүктерге бір ғана транзиттік декларация толтыруға мүмкіндік берілді. Бір ғана шарт – барлық артық жүктемелер мен көлік түрлерін ауыстыруға қатысты жеткізу тізбегін ұйымдастыратын, барлық ережелердің орындалуын қадағалайтын жауапты тұлға болуы керек. Бұл «Қазақстан темір жолына» ұлттық операторға айналып, мультимодальды тасымалдарды (т/ж, теңіз, әуе) бір ғана келісім арқылы және бір ғана көлікті құжаттың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік бермек;
15. Кедендік өкілдердің жауапкершілігі нақты регламенттелген. Егер кедендік өкіл декларант көрсеткен құжаттың жалған болып шыққаны туралы білмесе және біле алмаса, онда ол жауапкершіліктен босатылады және төлем бойынша біріктірілген бірнеше міндеттеме оған жүктелмейді;
16. Арнайы экономикалық аймақтағы қызметке бақылау жасау мәселесі қайта қарастырылды. Енгізілген өзгертулер қазіргі әкімшілік және Арнайы экономикалық аймаққа бақылау жасау, оның ішінде логистикалық АЭА-тар («Қорғас-Шығыс қақпа») және «Қорғас» ШЫХО айрықша экономикалық аймақ проблемаларын шешуге мүмкіндік береді;
17. Баж салығын төлемейтін тауарлар сатылатын сауда дүкендерінің қызметін кеңейту. БСД (баж салығын төлемейтін дүкендерді) сыртта да, елде де ашуға мүмкіндік туады. Ал қазір тек сыртқа апару үшін ғана ашуға болады. БСД-ға Одақ ішінде сауда жасауға рұқсат етіледі. Мысалы, Мәскеуге ұшып бара жатқан қазақстандық тұлға БСД қызметін пайдалана алатын болады;
18. Кедендік өкілдерге арналған (делдалдар) қамсыздандыру сомаларын қайта қарау. Бүгінгі күні брокерлерге арналған қамсыздандыру сомасы – 1 млн еуро. Оны Кеңес шешімімен қайта қарау мүмкіндігі енгізілді;
19. Шартты түрде шығарылған тауарларға бақылауды азайту. 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін әкелінген барлық шартты түрде шығарылған (жеңілдігі бар) тауарлардан, оған қоса жер қойнауын пайдаланушылар тауарларынан кедендік бақылауды алып тастау мүмкіндігі қарастырылды. Бүгінде мұндай тауарлар мерзімсіз кедендік бақылауда, мысалы ТШО (Теңізшевройл), Филипп Моррис тауарларын қайта өңдеуге, бұған дейін ұсынылған жеңілдіктерді өсімпұлдарды есепке ала отырып, төлемей шетелге әкетуге болмайды. Сонымен қатар 5 жылдан кейін ДСҰ мөлшерлемелері бойынша шығарылған тауарлардан бақылауды алып тастау қарастырылып жатыр.
Міндет – халыққа ауқымды түрде түсіндіру
ЕАЭО КК туралы Келісімге қол қойылғаннан кейін Қазақстан аумағында жобаны іске асыру үшін Парламентте ЕАЭО жобасын ратификациялау қажет.
Осыдан кейін барып Қазақстан Республикасы Кедендік кодексі жобасы дайындалып, Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері шығарылады, ЕАЭО КК сілтемелік ережелерін іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының кедендік реттеу саласындағы заңға тәуелді актілері дайындалатын болады.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті біріге отырып, ЕАЭО КК туралы Келісімшарт ережелерін кәсіпкерлік қоғамдастықтарға түсіндіру, оның ішінде өңірлерде насихаттау жұмыстарын жүргізбек.
Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодекс туралы Келісім жобасымен мына жерден танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: