«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сән-салтанаты келіскен

2017 жылғы 06 Қаңтар
- Жетісу облысы
7331 просмотров

Бизнес-ханым Кербұлақ ауданында сауда орталығын ашты

Бүгін Сарыөзек ауылында «Ырыс» атты жаңа сауда орталығы ашылды. Оның негізін қалаған – аудандағы танымал кәсіпкер Мәншүк Қалиева.

Кәсіпкерлер палатасының филиалы сауда үйін салу туралы идеяға қолдау көрсетіп, жобаны толықтай сүйемелдеп келді. Құрылыс «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қаржысы арқылы салынды. Қаражаттың жалпы сомасы – 30 млн теңге. Сауда орталығының директоры Мәншүк Қалиеваның айтуынша, жаңа нысан 80 адамды жұмыспен қамтиды.

«Сауда орталығы халыққа қызмет етіп, ауыл мен аудан тұрғындарын жұмыспен қамтиды. Бұған өте қуаныштымыз. Мұнда барлық жағдайлар жасалған, сауда орындары заманауи құралдармен жабдықталған. Жанға жайлы», – дейді кәсіпкер әйел.

«Ырыс» тауардың саналуан түрін сататын ерекше сауда орталығы болмақ. Кәсіпкерлер енді жайлы ортада сауда жасаймыз деп риза болып отыр. Орындарды жалға алу бағасы да қолжетімді.

Бұдан бөлек, сауда үйін ашу кезінде Қалиевтар отбасы әлеуметтік көмек те көрсетті. Олай дейтініміз, кәсіпкерлер атынан бірінші топтағы мүгедек Батыр Асубаевқа электр тоғымен жұмыс істейтін арба тарту етілді.

Бұл өңірдегі әйелдер ашып отырған алғашқы бизнес емес. Ресми мәлімет бойынша, Кербұлақ ауданында 2500 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, соның 1200-ін әйелдер басқарады екен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер