«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заң талаптарын жетік білген жөн

2017 жылғы 06 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
7851 просмотров

2016 жылы облыстық Кәсіпкерлер палатасына 3,5 мың өтініш келіп түскен

Кәсіпкерлердің 403 млн теңгеге тең мүддесі қорғалған. Бұл туралы жыл қорытындысын жасау барысында ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Жеңіс Қазиев айтып берді. Оның айтуынша, өтініштердің негізгі бөлігі аудандық филиалдардан түсуде. Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер көбінесе салық төлеу, мәліметтерді беру функциясы бар кассалық-бақылау машиналары мен POS-терминалдарды  техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жыл сайынғы лицензиялық алым бойынша сұрақтарды жиі қояды екен. Бұдан өзге, табиғи монополия субьектілеріне қатысты мәселелер де өзекті болып қала бермек. «2015 жылдың мамыр айында «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңға өзгертулер енгізілді. Өзгертулер монополисті маусым сайын  өз интернет-ресурсында жарық желісіне қосылғандығы туралы, техникалық жағдайларға қолжетімділік, желілердің қолжетімді қуаттылығы, орындары мен өткізу қабілеті туралы ақпараттарды таратуға міндеттейді. Бүгінге дейін ТМС (табиғи монополиялар субъектілері) норманы жүзеге асырған жоқ, бұл қабылданған түзетулердің пайдасын жоққа шығарады», – деп атап өтті Жеңіс Қазиев.

Әкімшілік кедергілерді жою бойынша да белсенді жұмыстар жүргізілуде екен. 2016 жылы мұндай мәселелердің 23-і анықталып, олардың 16-сы оң шешім тапқан. Мысалы, жарнама бойынша төлем бағасы 2 есе төмендетілген; ТМС кәсіпкерлерге алдыңғы және ағымдағы көрсеткіштерді төлеу туралы есепшоттар жазып беруге міндетті; мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік тапсырыстар келісімшарты кәсіпкерлердің пайдасына шешілген. Тағы 11 кедергі республикалық Проблемалар реестріне тіркелген.

Былтыр, Палатаның ақпараты бойынша, облыстық прокуратура органдары мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеті бойынша 35-тен аса прокурорлық ықпал ету актісін енгізген. Осыған байланысты Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары кәсіпкерлердің заңдық және қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстардың маңыздылығын атап айтты.

«Шағын және орта бизнес субъектілері өз құқықтарын біліп, тексеру органдары тарапынан жүргізілетін тексерістер мен олар қоятын талаптар қаншалықты заңды екенін түсінуі қажет. Онымен қоса, кәсіпкер қорғану үшін Кәсіпкерлер палатасына, сонымен қатар құқық қорғау құрылымдарына кез-келген уақытта шағымдана алатын мүмкіндігі бар екенін де білуі тиіс», – деп қорытындылады ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер