«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруалардың шығыны өтеледі

2017 жылғы 05 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
6073 просмотров

Солтүстікқазақстандық шаруалар ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялауға қызығушылық танытты

Аталған мемлекеттік қолдауға ие болу үшін, олар Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасына көмек сұрап келіп жатыр. Мәселен, Аққайың ауданында 30-дан астам кәсіпкер осы құралды пайдалануды жөн көріпті. Бүгінгі таңда филиал субсидиялау бағдарламасы бойынша 27 жобаны толықтай сүйемелдеп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, ережеге сәйкес, инвестордың техника мен жабдық сатып алуға кеткен шығынының 20%-дан 80%-ға дейінгі көлемі өтелуі мүмкін.

«Аталған бағдарлама бойынша ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттар пакетін жинауға көмек көрсетілді. Фермерлер тек барлық құжаттар пакетін Ауыл шаруашылығы басқармасына өткізсе болды. Мемлекеттің Аққайың ауданындағы шаруаларға ұсынатын төлемінің жалпы құны 200 млн теңгеден астам», – дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Руслан Аитов.

Аудандағы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің бірі Насиболла Қарымсақов Палата кеңесшілері берген көмекті ерекше атап өтті.

«2014 жылы «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы астық жинайтын комбайн сатып алдым, бірақ ол кезде мемлекет мұндай қолдау көрсетеді деп ойлаған да жоқпын. Кәсіпкерлер палатасы филилалының мамандарына қажетті құжаттар пакетін дайындау кезінде көрсеткен көмектері үшін зор алғыс білдіргім келеді», – дейді «Гагарино» ЖШС директоры Насиболла Қарымсақов.

«Гагарино» ЖШС субсидия алуға енді өтінім беріп жатса, «Полтавское» ЖШС бағдарламаға қатысып үлгерді. Мемлекет серіктестіктің техника сатып алуға жұмсаған 40 миллион теңгеге жуық шығынын өтеп берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер