«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тәуелсіз сараптамадан өтті

2017 жылғы 05 Қаңтар
- Ақмола облысы
6563 просмотров

Көкшетау қаласындағы «Олимп» отандық клиникалық-диагностикалық зертханасы тәуелсіз сараптамалық бағалаудан өтті

Сараптама нәтижесіне сай, Ұлттық аккредиттеу орталығында, зертхана «Медициналық зертхана. Сапа және біліктілік талаптары» ISO 15189-2015 ҚР СТ стандарттарына сай келетіні туралы аккредиттеу аттестатына қол жеткізген. Бұл туралы «МЫРЗА-ХАН» ЖШС Ақмола филиалы директоры Әсет Бекбосынов хабарлады.

Айта кетерлігі, ISO 15189 стандарты әлемдегі озық зертханалардың жабдықталу деңгейін анықтау үшін қабылданған. Ол зертхана жұмысының әр кезеңіндегі сараптамалар сапасын толығымен бақылап, оны жақсартуға жол ашады. Осы арқылы аталған стандарт техникалық және басқару талаптарын күшейтеді.

«ISO 15189-2015 ҚР СТ стандартына сәйкес аккредиттеуден өту – тек зертханаларда қолданылатын технологиялар мен қондырғылар деңгейін анықтап қана қоймайды, сондай-ақ, ол әр процеске баға беріп, компаниядағы барлық мамандардың күш біріктіре отырып жасаған жұмыс нәтижесін көрсетеді», – деп атап өтті Әсет Бекбосынов.

Ескеретін жайт, тәуелсіз «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі тиісті қызмет нарығында 2007 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс жасап келеді.

2015 жылы «ОЛИМП КДЗ» зертханалар желісіндегі зерттеулер саны 6 миллионға, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш тағы 67%-ға артып, 10 млн-ға дейін жеткен. Жалпы мекеме он жыл ішінде 30 млн-нан астам зерттеу жүргізген екен. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер