«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қараша: «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілер форумы

2016 жылғы 30 Желтоқсан
6361 просмотров

«Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілер форумы қазақстандық кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге бағытталған. Форум аясында құзырлы басшыларға сұрақ қойып, олардан тиісті жауап алып,  В2В сипатында кездесулер өткізуге де болады.

Биылғы форумда да бизнесті табысты дамытуға кепілдік беретін ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойылды. Айта кетейік, ұзақ мерзімді келісімшарттар дегеніміз – іске қосылып тұрған өндірістерді, компанияның инвестициялық тартымдылығын, несиеге деген қолжетімділікті жандандыру, өндірістің жаңа желілерін жолға қою және тағы басқа өзекті мәселелерді қамту болып табылады.  

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алыс және жақын шетелдерде «Ұлы дала елі» брендін танымал ету мақсатында, кәсіпкерлік субъектілері арасында «Ұлы дала елі» брендін қолдануға құқық беру үшін, жыл сайын осы байқауды өткізіп келеді.

«Ұлы дала елі» брендін қолдану құқығы жыл сайын Қазақстан брендін халықаралық деңгейде танытып келе жатқан, Қазақстанның үздік қызмет көрсету саласы мамандары мен отандық тауар өндірушілерге беріледі.

Байқауға ірі, орта және шағын бизнес өкілдері қатысады. Соның нәтижесінде үш үміткер «Ұлы дала елі» брендінің иегері, лауреаты атана алады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер