«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Білікті мамандарға сұраныс көп

2016 жылғы 28 Желтоқсан
- Ақмола облысы
6266 просмотров

Дуальды білім беру жүйесін енгізуді жалғастыру мәселелері №1 құрылыс-техникалық колледжінде өткен дөңгелек үстелде талқыланды

Шараға білім беру мекемелері мен өңірлік Кәсіпкерлер палатасының өкілдері ғана емес, сонымен қатар әлеуетті жұмыс берушілер де қатысты. №1 құрылыс-техникалық колледжі – мамандар ұстаханасы, бірақ мұндағылар да бәсекеге қабілетті мамандар шығару үшін жұмыс берушілер де көмек қолын созу керек деп есептейді. Дуальды білім беруді енгізудегі мақсат осы. Бүгінгі таңда колледж әлеуметтік әріптестерімен 30 келісімшарт жасаған, алайда бұл да жеткіліксіз. Студенттер тәжірибеден өту үшін, жұмыс берушілер ауқымын кеңейту қажет. Дөңгелек үстел барысында колледж өкілдері дуальды білім беру жүйесін енгізуге қатысты өздерінің ұсыныстарын білдірді, олардың пікірінше, бұл оқыту жүйесін кезең-кезеңге бөліп тастау керек.

Өз кезегінде ӨКП Адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Айжан Тәжмиева бүгінде «Дуальды білім берудің жол картасын» іске асыру аясында 735 студент қамтылған 701 келісімшарт, кәсіпорындардың колледждерді қамқорлыққа алуы туралы 17 келісімшарт жасалғанын атап өтті. Бұдан бөлек, Палата өкілдері студенттер мен жұмыс берушілер арасындағы түйткілді мәселелерді анықтау үшін, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері тәжірибеден өтіп жатқан орындарға барып тұрады. Бұл дегеніміз, Палата тәжірибені ұйымдастыруға көмектесіп қана қоймай, студенттерді одан кейін де қамқорлығына алады деген сөз.   

Бұл мәселе бойынша астаналық кәсіпкер Ирина Левченко да өз көзқарасын білдірді. Ол басқарып отырған дизайнерлік студия бүгінде ғимараттарды сәндеп безендіретін жоғары технологияларды ұсынады. Жұмыс барысында қолданылатын материалдар, нақтырақ айтсақ, бояулар шеберлерден арнайы білім мен машықтарды талап етеді. Ондай мамандар Қазақстанда жоқтың қасы деуге болады. Кезінде ол колледждердің бірінен 8 оқушыны тәжірибеден өткізуге алыпты, содан кейін ісі де біртіндеп жүре бастаған. Ирина дуальды білім беруге белсенді түрде қатысуға ниет білдіріп отыр.

Бұл кездесуде қол жеткізілген нәтижелердің бірі ретінде Ақмола облысы Құрылыс саласы кәсіпорындарының одағы мен Кәсіпкерлер палатасы арасындағы жаңа әлеуметтік әріптестерді іздестіру жөніндегі келісімді айтуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер