«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тамыз: «Заңды бірге жақсартайық» формуляры

2016 жылғы 28 Желтоқсан
4957 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бас прокуратурамен және «Нұр Отан» партиясымен бірге өз сайтында бизнеске кедергі келтіретін заң баптарын анықтау жөніндегі жобаны іске қосты

«Заңды бірге жақсартайық» формуляры арқылы кәсіпкерлерден сатып алулар, салық салу және энергетика саласына қатысты ұсыныстар келіп түсті.  Заңнаманы өзгерту жөніндегі ұсыныстарды «Атамекен» сарапшылары мен осы саланы қадағалайтын мемлекеттік органдар қарап жатыр. Ол кез-келген адамға кәсіпкерлік саласындағы заңнамалық проблемалар мен әкімшілік кедергілер туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына шұғыл хабарлауға мүмкіндік береді. Ол үшін онлайн режимде «Заңды бірге жақсартайық» формулярын толтыру қажет.

Барлық келіп түскен ұсыныстарды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Бас прокуратура мен «Нұр Отан» партиясының сарапшылары қарайды. Егер заңды өзгерту жөніндегі дәлелдер бастамашылар тарапынан расталған жағдайда, тиісті нормативтік-құқықтық актілер жасайтын мемлекеттік органдар бұл туралы хабарланатын болады.

Заңнама талаптарына қайшы келетін қағидаттар бойынша прокуратура тарапынан прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер