«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкжиегі кеңейіп, кәсібін ашты

2016 жылғы 27 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
9670 просмотров

Кәсіпкерлікті қолдау орталығына келген қарапайым ауыл тұрғынының бизнесі өрге домалады

Жамбыл ауданының тұрғыны Еркінбек Сырғақов облыстық Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалына наурыз айында кеңес алуға келген, алайда ол арадан тоғыз ай өткеннен кейін өзінің бизнес-жобасын іске қосады деп кім ойлаған?!

Кәсіпкерлікті қолдау орталығында кеңес алып қана қоймай, ол, Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыратын «Бизнес-кеңесші» атты тегін қысқа мерзімді курсқа жазылды.

«Бірақ ол осымен тоқтап қалмады, – дейді Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл аудандық филиалының директоры Жолдықұл Тоғанбаев. – Әрі қарай «Бизнес-мектеп» бағдарламасы бойынша, сосын «Бизнес Өсу» жобасы бойынша оқыды, себебі сол кездің өзінде-ақ оның бизнес ашсам деген мақсаты болған еді».

Бизнес-тренер Гүлмира Метерова оған бизнес-жоспар құруға көмектесті, бизнесменге келешекте керек болатын дағдыларды үйретті.

Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігін алған соң, Еркінбек Сырғақов микронесие алуға керекті барлық құжаттарды жинайды, «Ірі қара малды бордақылау» жобасымен «Атамекен Тараз» микроқаржы ұйымы» ЖШС-на өтініш түсіреді. Оның жобасын несие комиссиясы қолдап, ауыл тұрғыны 1,5 млн теңге көлеміндегі несиені үш жыл алты ай мерзімге алады. Бүгінгі таңда ол жылқы сатып алып, өзінің жобасын іске асыра бастады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер