Маусым: Агробіліктілік орталығы
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан Агробіліктілік орталығы құрылды. Орталық қызметінде еліміздің агроөнеркәсіп саласында алдыңғы қатарлы озық білім тарату көзделуде
Агробіліктілік орталығының негізгі қызметі ауыл кәсіпкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) субьектілері үшін табысты технологияларды қолдануға қажет тәжірибелік дағдыларды үйретуге бағытталған оқу бағдарламалары мен әдістемелерін жасау.
Бұдан өзге Агробіліктілік орталығы агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін ақпараттық кеңестермен қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады.
Биыл Агробіліктілік орталығы грант (ақысыз) негізінде АӨК-тің 25 басым бағыты бойынша 666 семинар өткізді. Бұл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК субьектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік тапсырмасын орындау аясында қолға алынды. Шара барысында үздік шаруашылықтар аясында 10 мыңға жуық АӨК субьектілері қамтылды.
Толығырақ ақпаратты www.fermers.kz сайтына өтіп таба аласыздар.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: