«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына сұраныс зор

2016 жылғы 26 Желтоқсан
- Қостанай облысы
6656 просмотров

Жаңа таксопарк, жылыжай, массаж салоны, ветеринарлық клиника – облыстың аудандары мен моноқаларында осындай жаңа бизнес-жобалар ашылып жатыр

Кәсіпкерлер палатасында жыл соңына таман мемлекеттік бағдарламалар мен қызмет көрсету бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының жұмыстарына қорытынды жасалды. Оларға деген сұраныс зор дейді сарапшылар, ол бір жағынан түсінікті де: біріншіден, қызмет көрсету тегін, екіншіден, белгілі бір операцияны жасауға өз білімі жетпей тұрғанда қызмет көрсету орталығы мамандарының білімі кәдеге асады.  

«Салық есебін жасау, өткізу, мемлекеттік сатып алу порталына тіркелу, бизнес-жоспар жазу – осы қызмет түрлерінің бәрін біздің қызметкерлер жасап береді. Жыл басынан бері 14 мыңнан астам қостанайлық кеңес алды. Екі мыңнан аса кәсіпкер біздің қызметімізге жүгінді. Өтіп бара жатқан жыл ең мұқтаж қызмет көрсету саласы – бухгалтерлік есеп пен салық төлеу екенін көрсетті. Келер жылдан бастап тізім көбейеді. Біздің менеджерлер мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласы бойынша да кеңес беретін болады», – дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Айгүл Есентемір.

Аудандар мен моноқалалардағы кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жаңа жобаларды ашатын тұғырға айналып үлгерді дейді палатадағылар. Жуырда Таран ауданының тұрғыны «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде таксопарк ашуға несие алды. Дәл осы ауданда ісін енді бастаған кәсіпкер көкөніс өсіретін жылыжай салып жатыр, енді өнімін сатылымға шығармақ. Сондай-ақ жақында Рудный қаласында жаңа массаж салоны ашылмақшы. Жангелді ауданында араға ұзақ уақыт салып ветеринарлық дәріхана ашылды. Бұл игі істердің бір парасы ғана. Әр жобаны аяққа тұрғызарда кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының мамандары кеңес беріп, құжат рәсімдеуге көмектесті. Осындай қолдаудың арқасында өткен жылы 478 жаңа жоба ашылған. 

Қостанайдың өзінде қаржылық емес көмекті кәсіпкерлікті қолдау орталығында толық тәртіпте алуға болады, ол жуырда палата жанынан жұмыс істей бастады. Кеңес беру мен қызмет көрсетуден бөлек, мұнда бизнес негіздерін арнаулы жабдықталған бизнес-сыныпта оқытады, «Атамекен Қостанай» шағын қаржы ұйымы» ЖШС атынан несие ұсынылып, экспортқа және ішкі айналымға шығару үшін тауардың шығу тегі сертификаттар беріледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер