«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық ережелер мен нормативтерді бекітті

2016 жылғы 26 Желтоқсан
21693 просмотров

Аталған нормативтерді кәсіпорындар және қауымдастықтар әзірлеп, республикалық жұмысшылар бірлестігі мақұлдаған

Дәлірек айтсақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсету жұмысымен айналысатын жұмысшылар санының салааралық типтік нормативтерін және қызметкерлерді басқаруға қатысты салааралық жұмысшылардың мерзімдік нормативтерін бекітті.  

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі өз күшіне енгені белгілі. Еңбек кодексінің 101-бабына сәйкес, жұмыс беруші техника және технология, еңбекті ұйымдастыру ісін ескере отырып, өздігінен еңбек ережелерін әзірлеу, енгізу, алмастыру және оны қайта қарау құқығына ие болды. Себебі, еңбекті ережеге сай реттеу, жұмысты орындауға кететін қажетті еңбекті (уақытты) анықтау, өндірісті басқарудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, аталған процесс жұмысшының біліктілік деңгейі мен шығындарын бағалауға, регламенттеуге жол ашады.  

Аталған баптың 7-тармақшасында еңбек жөніндегі типтік ережелер мен нормативтерді салалық жұмысшылар қауымдастықтары бекітеді деп көрсетілген.  Ал, қызмет түрлерінің барлық салаларындағы еңбекке қатысты бірыңғай және салааралық типтік ережелер мен нормативтерді ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы бекітеді. Бұл ретте, Палата аталған нормативтерді еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдар бекіткен жұмысшылар өкілдерінің келісімімен мақұлдайтын болады.   

ҰКП-ға бұған дейін еңбек жөніндегі ережелер мен нормативтерді бекіту қызметі жүктелмеген еді. Аталған істі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі атқарып келді.  

Әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлер санының салааралық типтік нормативтерін «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» мекемесі әзірледі. Институт аталған ережелерді жекеменшіктің барлық түрлеріндегі мекемелерде қолдану үшін даярлады. Айта кетерлігі, ережелер қажетті нормативтік санды, уақыт ережелерін, әкімшілік және қоғамдық орындарда жұмыс жасайтын қызметкерлердің ережелерін анықтау және дәлелдеу мақсатында қолданылады.

Ал, қызметкерлерді басқару қызметі жөніндегі салааралық уақыт нормативтері мамандарды даярлау және қайта даярлаудан өткізу үшін іріктеу және мамандарды толықтыру жұмысын атқаратын, кадрлық қызмет жұмысшылары санын есептеуге  және қызметкерді қызметтен босату, оның еңбек қызметі, жұмысқа қабылдау, ауыстыруға қатысты қызметкерлерді есепке тұрғызу құжаттарын жүргізуге арналған деп есептеледі. 

Аталған нормативтерді жұмысшылардың республикалық бірлестіктері мақұлдап, ол кәсіпорындар және қауымдастықтардың қарауынан өткен.

Қазіргі таңда ҰКП Басқарма Төрағасының бұйрығымен, ҚР Еңбек кодексінің 101-бабына сәйкес келесі ережелер бекітілді: 

1. Әкімшілік ғимараттарда қызмет көрсететін қызметкерлер санының салааралық типтік нормативтері.

2. Қызметкерлерді басқару жөніндегі жұмысшылар қызметінің салааралық уақыт нормативтері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер