«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер жәннаты - Жетісу

2016 жылғы 23 Желтоқсан
- Жетісу облысы
10137 просмотров

Алматы облысында almatyregion-tour.kz ақпараттық порталы іске қосылды

Кәсіпкерлер палатасы Туризм басқармасымен бірігіп, «Жетісу» ақпараттық порталын іске қосты. Сайт облыстың туристік әлеуетін дамытуға бағытталған. «Жетісу» ақпараттық порталында облыстың басты көрікті жерлері мен тартымды туристтік нысандар, тұрғын-жайлар туралы тың ақпарат бар. Портал 2014 жылы құрылғанын атап өтейік, алайда сайтта тек көрікті жерлер туралы мәліметтер ғана болатын. Енді almatyregion-tour.kz сайтына туристік нысандар маңындағы қонақүйлер мен дүкендер туралы ақпараттар қосылмақ. Бастама иелерінің сөзінше, порталдың өзге көптеген коммерциялық сайттардан  айырмашылығы – шынайылығы және нысандар мен көрікті жерлер туралы ақпараттың айқын болуында.

«Бүгінгі күні сайтта 9 негізгі тармақ бар. «Қызметтер» тармағында біз туристік нысандардың маңында орналасқан жатын орындар туралы жариялаймыз. Санат бойынша нөмірлердің бағасы мен нөмірлік қордағы қонақүйлер, маңайдағы дүкендер мен ойын-сауық орталықтары, арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер туралы ақпарат топтастырылады. Яғни туристерге, өңір тұрғындарына және жай ғана ресурс қолданушыларына арналған қажетті ақпараттарды көрсететін болады. Компанияның қызметтері туралы мағлұмат жариялау тегін. Порталда тек тексерілген деректер мен фототүсірілімдер жарияланады. Сайтты толықтыру және жаңартумен басқарма және Палата қызметкерлері айналысады», – деді Кәсіпкерлер палатасының Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Әйгерім Шәймерденова.

Ақпараттық портал – бұл Палатаның мемлекеттік органдармен бірлесе жасап отырған алғашқы жобасы емес. Тығыз серіктестіктің арқасында Туризм басқармасы кәсіпкерлерді жан-жақты қолдап, туындаған мәселелерге жедел жауап беріп, бизнеске арналған оқу семинарларын өткізеді.

Қазіргі кезде almatyregion-tour.kz порталы үш тілде – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Алдағы уақыта сайтта облыс аудандары мен қалалары, санаттар бойынша мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орталықтары туралы тармақ пайда болмақ.

Ресурсты қолданушыларға сайтты толықтыру бойынша жұмыстарды әкімшілер  жүргізетін ескерткіміз келеді. Кез-келген пайдаланушы сайтта көрсетілген мәліметтер бойынша ескертпелер мен ұсыныстар енгізе алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер