«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» fashion-жобаны қолдады

2016 жылғы 20 Желтоқсан
5470 просмотров

Жас қазақстандық дизайнерлер Астанада сән көрсетілімін өткізді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҰКП Іскер әйелдер кеңесі еңбекқор жандарға бизнестің әр саласынан өз ісін ашуға көмектесіп келеді. Мәселе тек ірі өндіріс ашу, стартапқа кірісу ғана емес, өзіне киім сәнгері деген танымал саланы таңдап алған жастарды да қолдау.

Осындай жобалар қатарында Астанада ашылған «Sa Belle» имидж және дизайн мектебін айтуға болады. Бүгін астаналық «Ramada Plaza» қонақүйінде осы мектептің үздік бес түлегінің даярлауымен сән коллекциясының көрсетілімі өтті. «Sa Belle» мектебін ашқан  Белла Сәт-Мырза үш жыл бойы Миландағы Сән университетінде оқыған. Ол Пьер Карденнің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған көрсетілімге қатысқан. Енді Қазақстанға оралысымен Белла дизайнерлерді ақылы түрде оқытып, өзінің шоу-румын ашып, бренд маталардың дүкенін іске қосты. Астаналық кәсіпкер өзінің шәкірттерімен бірге көрсетіп отырған бұл көрсетілім ол үшін өте маңызды екенін атап айтты.   

«Бұл fashion-шоу мен үшін тұңғыш баламдай, менің мектебімді тәмамдаған бес үздік түлегімнің еңбегін көретін боласыздар. Мен Миланда үш жыл бойы үйренген машықтың бәрін олар жарты жылда меңгеріп шықты», – дейді Белла.

Көрермен Белла мен оның шәкірттерінің киімдерін жылы қабылдады. Бұл киімге әртүрлі көзқараспен қараса да болады. Себебі, қазақстандықтардың талғамы әркелкі. Тек қазақстандық fachion-нарықта соңғы кезде haute couture шеберлері мен өз ісімен енді ғана көріне бастағандардың арасында бәсекелестік орын ала бастағаны байқалады. Ең бастысы бәсекелестік талғамға сай болса болғаны.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер