«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еңбекке адалдығы үшін

2016 жылғы 14 Желтоқсан
13683 просмотров

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Атамекен» Палата қызметкерлері мен серіктестерін марапаттады

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Басқарма мүшесі – ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотановты, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Дәурен Жақсыбекті, ҚР Мемлекеттік істер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованы, ҚР Бас прокуратурасы 1-департаментінің басшысы Марат Сексембаевты, ҚР Бас прокуратурасы 1-департаментінің басшысы Мұратбек Әлібековті, «ҚР Әділет министрлігінің Заң институты» ММ директоры Аслан Түкиевті,  ҚР Бас прокуратурасы 1-департаментінің аға прокуроры Ілияс Сандыбаевты, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Астана қаласы Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің мүшесі Алмат Байшолақовты, ҚР Әділет министрлігі Заң департаментінің директоры Ерлан Бұзырбаевты, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің Мамандандырылған басқарма жетекшісі Шафкат Құдабаевты, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Асланбек Жақыповты, Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріповті, «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС директоры Саламат Ахметовті, Білім мен ғылымды ұйымдастыру ұлттық қауымдастығы кеңесінің төрайымы Жазира Дүйсебекованы, «Картоп және көкөніс өсірушілер одағы» қауымдастығының төрағасы Қайрат Бейсетаевты,  ҰКП Кедендік әкімшілік департаментінің директоры Дина Мамашеваны, ҰКП басқарушы директоры – Экономика департаментінің директоры Алена Романованы, ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс жасау департаментінің директоры Ербол Өстеміровті, ҰКП Заң және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің директоры Айжан Бижанованы, ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің 1-санаттағы сарапшысы Арман Қайдаровты, ҰКП Әкімшілік департаментінің сарапшысы Жанат Жақановты, ҰКП Әкімшілік департаментінің менеджері Алдан Мұқашевті ІІІ дәрежелі «Өз ісіне адалдығы үшін» медалімен марапаттады.

Сондай-ақ, Құрмет грамотасымен: Несие серіктестіктері қауымдастығының басшысы Эльмира Сағатова, ҚР Қаржы министрлігі Жанама салықты басқару басқармасы жетекшісінің орынбасары Дамир Нұрғалиев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Гүлжахан Бимендина, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саясаты басқармасының басшысы Асқарбек Ертаев, ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басқарма басшысы Гаухар Әлібекова, ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Қасенова, Бас көлік прокурорының аға көмекшісі Сабыржан Мұқанов, Прокурордың аға көмекшісі Серікжан Мырзалы, ҚР Қаржы министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары Бибінұр Құрмашева, Құқықтық статистика комитеті төрағасының орынбасары Ерғали Мәбиев, ҚР Бас прокуратурасының 2-департаментінің басқарма басшысы Нұрман Дайрабаев, ҚР Бас прокуратурасының 10-департаментінің басқарма басшысы  Ержан Ералиев, ҚР Бас прокуратурасының 4-департаменті басшысының орынбасары Марат Әбішев, ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Қалымжан Ыбырайымов, ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары Дарын Әбдуәлі, ҰКП Қызмет көрсету саласы департаментінің директоры  Жанна Оспанова, ҰКП Жұртшылықпен байланыс департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Әміренова, «Атамекен» ҚР ҰКП интернет-ресурсының бас редакторы Қарлығаш Жүсіпбекова, ҰКП Агроөнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Ербол Есенеев, ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Аман Сүлейменов, ҰКП Қызмет көрсету саласы департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Әлтаева, ҰКП Адам капиталын дамыту департаменті директорының орынбасары Азамат Бейсенбенов, ҰКП Қоғамдық мониторингтеу және әкімшілік кедергілермен жұмыс жасау департаменті директорының орынбасары Сәния Ақылбекова, ҰКП Салық төлеу департаментінің 1-санатты сарапшысы Нұргүл Ақшабаева, ҰКП Заң және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің сарапшысы Валерий Котович, ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау қорғау департаменті директорының орынбасары Мадина Темірбекова, ҰКП Заң және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің сарапшысы Михаил Ли, ҰКП Заң және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің сарапшысы Ирина Макарова, ҰКП Заң және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің сарапшысы Абылай Төрехан, ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің сарапшысы Баян Баймолдина, ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің сарапшысы Шыңғыс Теміров, ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің сарапшысы Аңсар Сейсекеев, ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің сарапшысы Әнуәрбек Ысқақов, ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Жанна Ақышева, ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Айжан Қарабаева, ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Қуандық Шөнкінов марапатталды.

Бас прокуратураның 1-департаментінің прокуроры Құралай Канкина, Бас прокуратураның 4-ші департаменті бөлімінің прокуроры Анар Бекмағамбетова, Бас прокуратураның 10-департаменті бөлімінің  прокуроры Меруерт Мұқашева, Бас прокуратураның 2-ші департаментінің аға прокуроры Индира Сейітқасымова, Бас көлік прокуратурасы әлеуметтік-экономикалық саласындағы бақылау басқармасының аға прокуроры Гүлім Тұрманова, Құқықтық статистика комитеті бөлімінің прокуроры Виктор Красноусов, ҚР ҰЭМ Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры Ақбота Құрманбаева, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсеке құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Аслан Дарбаев, ҰКП Мемлекеттік сатып алулар мен оған отандық тауар өндірушілердің қатысуы департаментінің 1-санатты сарапшысы Асқар Ізғалиев, ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің 1-санатты сарапшысы Батырбек Әубәкіров, ҰКП Экономика департаментінің 1-санатты сарапшысы Әсел Мұратханова, ҰКП Қызмет көрсету саласы департаментінің 1-санатты сарапшысы Елена Михнова, ҰКП Экономика департаментінің  2-санатты сарапшысы Ботагөз Жауғашева «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

«Кез келген елдің тәуелсіздігінің негізгі бағыты – ол әрине экономикалық тәуелсіздік болып табылады. Бизнес – елдің экономикалық күш-қуатын нығайтатын салалардың бірі», – деп атап өтті салтанатты жиында сөз алған Абылай Мырзахметов.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы «Атамекен» ҰКП құрылған үш жыл ішінде, өз мүшелері, серіктестері мен мемлекеттік органдары бар институт ретінде қалыптасқанын атап өтті. «Бұл ретте, сіздердің әрқайсыларыңыздың үлестеріңіз бар. Әсіресе, біздің ортақ еңбегімізге айрықша үлес қосып келе жатқан қауымдастықтарға зор алғыс айтқым келеді. Сонымен қатар, біз бүгін сындарлы сұхбат, серіктестік рухын орнатудың қаншалықты маңызды екенін көрсету мақсатында мемлекеттік органдарды да арнайы шақырдық. Осы орайда, прокуратрура органдарының рөліне ерекше тоқталып өткен жөн. Себебі, құқық қорғау – Палата қызметінің басым бағыттарының бірі. Маған күн сайын поштама 1-2 алғыс хат келіп жатады. Әрине, біз үшін, ол көңіл қуантарлық жағдай», – деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер