«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкердің 12 млн теңгесі үнемделді

2016 жылғы 13 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
8023 просмотров

Өңірлік палатаның құқықтық блогындағы заңгерлер кәсіпкердің құқығын қорғап қалды

Жеке кәсіпкер Ольга Кортунова Палатаға қолдау көрсетуді сұрап хабарласқан. Оның айтуынша, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің БҚО бойынша департаменті құмшекер сату кезінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтаған. Алайда, кәсіпкер тексеру нәтижелеріне күмән келтіргендіктен, Палатадан оған қарсы шағымдануға көмектесуді сұрады.

Палатаның құқықтық блогы департаменттің Кортунова.О.Н. жеке кәсіпкерлігін жауапқа тарту туралы қаулысына және тексеру нәтижесі бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрығына қарсы шағым түсіруге жәрдемдесіп, сотта құқықтық қолдау көрсетті. Сондай-ақ Палата тарапынан Департаментке өз дәлелдері жазылған сараптамалық  анықтама жіберілді. Сотта Департамент аталған материалдарда келтірілген дәлелдерді растап, бекітілген қорытындыға түзетулер енгізді. Содан соң бұған дейін Департамент белгілеген 223 210 759 теңге көлеміндегі монополиялық қызметті жүзеге асырудан түскен табыс 2 640 000 теңгеге дейін азайтылды, ал мемлекет өндіріп алуға тиіс болған 3 040 685 теңге көлеміндегі монополиялық кіріс толығымен жойылды.

Департаменттің бастапқы қорытындысы бойынша жеке кәсіпкер Кортуноваға монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде түскен кірістің 3 пайызы көлемінде, яғни 9 362 685 теңге, сонымен бірге монополиялық кіріске  3 040 685 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған еді. Алайда Департамент жасаған түзетулерден кейін Орал қаласының әкімшілік сотының қаулысымен Кортунова.О.Н. жеке кәсіпкерлігіне тек 79 200 теңге көлемінде ғана айыппұл тағайындалды.

Осылайша Кортунова жеке кәсіпкерлігі жалпы сомасы 12 324 170 теңге болатын айыппұлдан құтылды.  

«Табиғи монополияларды реттеу комитеті БҚО бойынша департаментінің айыппұл салу және мені жауапкершілікке тарту туралы қорытындысын алған кезде, қайда хабарласарымды білмедім. Сасып қалдым. Тым шектен шыққан айыппұл, – дейді Ольга Кортунова. – Мен бұған дейін де Кәсіпкерлер палатасы туралы естіген едім, сонда хабарласуды ұйғардым. Көмектің осылай шынайы және елеулі түрде көрсетілетінін күтпеп едім. Заңгерлердің атқарған жұмысына айтар алғысым шексіз».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер