«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау 2017 жылдың қаңтарында басталады

2016 жылғы 12 Желтоқсан
13371 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Экономикалық интеграция департаменті отандық бизнесмендерге аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалауды енгізу мәселелерін түсіндірді

Биылғы жылдың 12 тамызында ЕАЭО аумағында аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау жүйесі ресми түрде іске қосылғаны белгілі. Ал Қазақстанда бұл жүйені 2017 жылдың қаңтарында енгізу жоспарланып отыр.

Аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау – бұл тауарларға бақылау (сәйкестендірілген) белгілерін жабыстыру. Оның мақсаты – қалыпты бәсекелестікті қолдау және жалған кәсіпкерлермен күресу.

Осыған байланысты ҰКП-да түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел болып өтті. Оның барысында аң терісінен жасалған бұйымдар саласында жұмыс істейтін отандық кәсіпкерлер өздері үшін маңызды бірқатар сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, аң терісінен жасалған бұйымдарды сататын бизнесмендер GS1 қауымдастығына кіру мүмкіндігіне ие болу үшін, таңбалау кезінде не істеу қажет, GTIN тапсырыс нөмірлерін қалай іске асырады, таңбалау жүйесін қалай қолдануға болады деген мәселелерге қызығушылық танытты.

Осыған байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалауға байланысты кейбір қырларын қосымша түсіндіру қажет деп есептейді.

Аң терісінен жасалған бұйымдарды іске асыру және енгізу, өндіруге байланысты аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау тек кәсіпкерлік қызметке қатысты жүзеге асырылады.

Тауарларды таңбалауға қойылатын талаптар мына жағдайларда қолданылады:

  • тауарларды үшінші елдерден әкелу кезінде;
  • ҚР-да аң терісінен жасалған бұйымдарды өндіру (тігу) кезінде;
  • трансшекаралық сауда кезінде (ЕАЭҰ-ға мүше елдерден әкелу/шығару);
  • комиссиялық сауда кезінде;
  • тауар қалдығын таңбалау кезінде;
  • сатып алушылардан қайтарылған (ауыстырылған) тауарларға бақылау белгілерін қолдану кезінде;
  • жоғалған немесе бүлінген тауарларға бақылау белгілерін қолдану кезінде.

Кәсіпкерлерге Қазақстан аумағында таңбалауды іске қосқан сәттен бастап тауар айналымында тек қана бақылау белгілері жабыстырылған аң терісі бұйымдары ғана болуы тиіс екенін ескертеміз.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында таңбалау іске қосылып қойған. Осыған қоса, аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау кезінде ресейлік кәсіпкерлерге бақылау белгілері жетпей қалған кез болған. Оларды дайындауға жауапты «Гознак» АҚ қажетті көлемді өз уақытында дайындап үлгере алмаған. Нәтижесінде өздерінің сатылмаған тауарларына белгілер алып үлгермеген кәсіпкерлерге сауданы тоқтата тұруға тура келген.

Қазақстанда да осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін «Атамекен» ҚР ҰКП қазірде сатылмаған тауарлардың (қалдықтардың) санын нақтылау жөнінде жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұлжұмыстарды ҚР Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы қажетті бақылау белгілерін әзірлеу мәселесін реттеу мақсатында қолға алған.

Осыған байланысты кәсіпкерлерді, бірінші кезекте, сатылмаған тауарлар (қалдықтар) таңбалануы тиіс болғандықтан,  аң терісінен жасалған бұйымдар қалдықтарын инвентаризациялап, Өңірлік кәсіпкерлер палатасына немесе тікелей «Атамекен» ҚР ҰКП ЭИД-не (dei@palata.kz) сатылмаған тауарлар саны туралы ақпарат жіберуге шақырамыз.

Сатылмаған тауарларға арналған бақылау белгілеріне таңбалау жүйесі қызметінің басталғанына алпыс күнтізбелік күн өтпей тұрып тапсырыс берілуі тиіс. Бұл тұста мәліметтерді тауарларға кедендік декларация кезінде толтыру міндетті емес.

Бұдан өзге, басқа да проблемалық жағдайларды болдырмау үшін, сондай-ақ кәсіпкерлерге таңбалау алгоритмін түсіндіру үшін «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау жөнінде негізгі талаптарға қатысты ақпараттық таныстырылым әзірледі.

Аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау кезінде кәсіпкерлер әрекетінің алгоритмі келесідей кезеңдерден тұрады:

1.     GS1 Kazakhstanқауымдастығына тіркелу;

2.     тауарларды GS1 жүйесіне қосужәне GTIN нөмірін алу;

3.     Таңбалау ақпараттық жүйесіне тіркелу (бұдан кейін – Таңбалау АЖ);

4.     Таңбалау АЖ-де бақылау белгілерін алуға өтініш жазу;

5.     бекітілген бақылау белгілерін алу;

6.     аң терісінен жасалған бұйымдарға бақылау белгілерін жабыстыру.

Еске сала кетейік, кәсіпкер аң терісінен жасалған бұйымдарды тек оларға бақылау белгілерін жабыстырғаннан кейін ғана сатылымға қоя алады.

1.     Қазақстанның GS1қауымдастығына енуіне қатысты

GS1 Kazakhstan қауымдастығы – бұл әлемнің 108 еліне таралған GS1 International ұйымының өңірлік өкілдігі болып саналатын ерікті коммерциялық емес қауымдастық.

Сонымен қатар кәсіпкерлер Таңбалау АЖ-де бақылау белгілеріне тапсырыс беруге мүмкіндік беретін тауарларға Global Trade Item Number (бұдан әрі - GTIN) сауда бірліктерінің жаһандық сәйкестендіру нөмірін алу үшін міндетті түрде қауымдастық құрамында болуы шарт.

«Атамекен» ҚР ҰКП мен GS1 Kazakhstan қауымдастығының келіссөздер нәтижесі бойынша төлемнің келесідей көлемдері бекітілді:

2017 жылғы ЖШС-ға арналған жыл сайынғы мүшелік салым – 50 АҚШ долларын, ЖК үшін – 25 АҚШ долларын құрап отыр.

Қауымдастық құрамына ену және GTIN нөміріне тапсырыс беру тәртібін GS1 қауымдастығының таныстырылымының №6-8 слайдтардан немесе тіркелу мен GTIN нөміріне тапсырыс беру туралы толығырақ ақпарат беретін бейнеролик жарияланған сайттан (www.gs1.kz) көре аласыздар.

«Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті GTIN нөмірінсіз ҚР аумағында таңбалау жүйесінде белгілерге тапсырыс беру мүмкін емес екенін ескертеді. Осыған байланысты, қауымдастық құрамынаҚР аумағында таңбалау іске қосылмас бұрын кіру маңызды.

2.     Таңбалаудың ақпараттық жүйесіне қатысты

Таңбалау АЖ іске қосылғаннан бастап кәсіпкерлер оған тіркелуі қажет. Ол үшін мыналар қажет: ЭЦҚ (ХҚКО-нан алу), қызмет түрін көрсету (импорттаушы, өндіруші, сатушы),байланыс телефоны, электронды мекенжай. Таңбалау АЖ кіру құқығы 2017 жылдың қаңтарына жоспарланған бағдарлама іске қосылғаннан кейін интернеттегі сайт арқылы жүзеге асырылмақ.

Ақпараттық жүйеге тіркелгеннен кейін кәсіпкер бақылау белгілерін алуға өтінім дайындай алады.

  • Жүйе іске қосылған сәттен бастап 60 күн ішінде бірінші кезекте сатылмаған тауарларға (қалдықтарға) (қалдықтар қолда бар болған жағдайда) бақылау белгілерін алуға өтінім дайындау қажет екенін ескертеміз. Тапсырыста болуға тиіс мәліметтер №15 слайдта көрсетілген.
  • Аң терісінен жасалған өнімдерді үшінші елдерден  (Одақ елдерінен емес) әкелуді жүзеге асыратын тұлға – импорттаушы тапсырыс жіберген кезде №10 слайдта көрсетілген мәліметтер толтырылады.

Сонымен қатар, импорттаушы тапсырысты кедендік рәсімдеуді (кедендік тазалау және тауарды шығару) өткізу аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде әзірлеуі қажет.

  • Аң терісінен жасалған бұйымдарды өндірушілер дайын тауарларға арналған бақылау (идентификациаланған) белгілеріне де тапсырыс беруі керек. Тапсырыс үлгісін №12 слайдтан көруге болады.

Бұл тұста, өндірушілерденкелесі жұмыс күні ішінде белгілерді алу үшін өтінімді бухгалтерлік есепте тауарлардыңдайын өнім ретінде танылған (жазылу) күннен бастап толтыру талап етіледі.

Комиссиялық сауда кезіндежеке тұлғалар қол қойған комиссия келісімшарттар негізінде кәсіпкер (комиссиялық сатушы) аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалауды жүзеге асыруы тиіс. Тауарды сатылымға қоймас бұрын сатушы отандық бизнесмендер өкілдерінің №14 слайдына сәйкес белгілерді алуға тапсырыс әзірлеу қажет.

Бұдан өзге, таңбалаудың ақпараттық жүйесінде кәсіпкерлер ақпаратты мына жағдайларда енгізуі қажет  болады:

– трансшекаралық саудада.

Одақ аумағында тауарларға трансшекаралық сауда аясында қол жеткізген жағдайда кәсіпкерлер №17 слайдта көрсетілген мәліметтерді ақпараттық жүйеде толтырады.

Трансшекаралық сауда-саттық шеңберінде (ЕАЭО) айналымға тек таңбаланған тауарларғана жіберіледі.

– тауарларды сату/сатып алу (қайта сату)

Тауарларды бөлшек саудамен жүзеге асыратын кәсіпкерлер сауда-саттық шеңберінде іске асырылған және сатылған тауарға жабыстырылған бақылау (идентификациаланған) белгілері туралы мәліметтерді жүйеге (№18 слайда) енгізеді.

– тауарды қайтарғанда (ауыстырғанда)

Тауарды заңнамамен бекітілген мерзімде (14 күн) тұтас бақылау белгісімен қайтарған (ауыстырған) жағдайда кәсіпкерлер №19 слайдта көрсетілген мәліметтерді енгізуі қажет.

Егер тауарлық белгі зақымдалған/жойылған күйінде немесе заңнамамен бекітілген мерзімнен кешігіп қайтарылған жағдайда тауарды қайта таңбалау қажет болады.

– тауардың немесе бақылау белгілерінің жоғалуы және жарамсыз болуы

Тауар жоғалған немесе жарамсыз болып қалған жағдайда кәсіпкер ақпараттық жүйеге тауардың жоғалғаны туралы мәлімет енгізеді.

Бақылау (идентификацияланған) белгілері жоғалған немесе жарамсыз болып қалған жағдайда кәсіпкер тауарды қайтадан таңбалауы қажет (№20 слайдтан көруге болады).

Аң терісінен жасалған бұйымдарды таңбалау жөніндегі жобаның іске асырылуын түсіндіру мәселелері бойынша Сіз Экономикалық интеграция департаментіне 8 7172 91 93 73 телефоны арқылы хабарласа алатыныңызды еске саламыз.

Таңбалау кезіндегі кәсіпкер іс-әрекетінің алгоритмімен мына жерден таныса аласыздар.

«GS1 Kazakhstan қауымдастығымен өзара ынтымақтастық туралы» таныстырылымымен мына жерден танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер