Тағы бір кәсіпкер қатарға қосылды
Кәсіпкерлер палатасы Шал ақын аудандық филиалының қолдауымен Кривощеково ауылының тұрғыны Ерболат Әниев «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2 миллион теңгедей қаражатқа қол жеткізді
Ерболат Әниев үшін бұл бизнестегі тырнақалды қадам болды. Бұрын ол жеке ісін ашуды ойламаған. Оның айтуынша, алғашқыда Кәсіпкерлер палатасы филиалынан жай ғана кеңес алып көруге шешім қабылдап, бұл талпыныс тағдырын түбегейлі өзгерткен. ӨКП филиалының мамандары оған бизнес-жоспар құруға, кепілдікке қажет құқықтық құжаттарды ретке келтіруге көмектескен. Нәтижесінде жас кәсіпкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 1,7 млн теңге көлемінде несие алған. Кәсіпкер мал шаруашылығын дамытып, ірі қара мал өсіруді жоспарлап отыр. Ерболат Әниевтің пікірінше, бүгінде шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар өндірістің кез келген бағытына көмектесе алады. Бастысы, жоба барлық мүмкіндіктерді ескере отырып, дұрыс құрылса болғаны. Кәсіпкер келешекке кәміл сенімді: «Ірі қара малдың еті де, басқа өнімдері де әрқашан сұранысқа ие, сондықтан оны сатып өткізу қиындық тудырмайды. Кәсіпкерлер палатасының филиалына менің жобамды сүйемелдегені үшін алғыс білдіргім келеді. Әріптестік жемісті болады деп сенемін. Келешекте, әрине, бизнесті кеңейтуді жоспарлап отырмын», – дейді Ерболат Әниев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: