«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сараптама салғырттықты кешірмейді

2016 жылғы 08 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
11310 просмотров

2016 жылдың 11 айында Кәсіпкерлер палатасына облыстың, қаланың және ауданның жергілікті атқарушы әрі өкілетті органдарынан 127 нормативтік-құқықтық акт (НҚА) жобасы келіп түскен

Нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жасау – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен оның өңірлік филиалдарының басты қызметтерінің бірі. Себебі, осы арқылы бизнес субъектілері нормативтік-құқықтық актілер жобасына қатысты өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізе алады. 

Қазақстан Республикасының  Кәсіпкерлік Кодексі мен «Құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар кәсіпкерлік субъектілері мүдделері ескерілген аккредиттеуге қатысты нормативтік-құқықтық актілер жобаларын Ұлттық палата мен жекеменшік кәсіпкерлік субъектілері қауымдастықтарына жолдайды. Бұл ретте, сараптама қорытындыларын алу үшін, аталған жобамен бірге міндетті түрде түсіндірме хат жолданады. Бұл өз кезегінде, өңірлік палаталарға НҚА жобаларына қатысты нақты ұсыныстар жасауға жол ашады.

2016 жылдың 11 айында БҚО Кәсіпкерлер палатасына жергілікті атқарушы және облыс, қала, аудандардың өкілетті органдарынан 127 нормативтік-құқықтық акті келіп түскен.

Өңірлік палатада сараптамадан өткен НҚА жобаларында қарастырылған мәселелерге: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділікті және мал шаруашылығы өнімдері сапасын арттыру  бағыттары бойынша субсидия көлемін бекіту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің бір данасына жұмсалатын субсидия туралы нормативті бекіту, ауыл шаруашылығы бағытындағы пайдаланылмайтын жерлерге салынатын бірыңғай жер салығы мөлшерлемесі мен жер салығының негізгі төлемдерін арттыру, жер салығы мөлшерлемесіне өзгертілетін коэффициенті бар салық салу мақсатындағы жерлерді бөлу сызбасын бекіту және тағы басқа мәселелер жатады. Олардың барлығы дерлік өңірдің кәсіпкерлік қызметтегі субъектілеріне қатысты болып отыр.

Сараптама нәтижелері көрсеткендей, 2016 жылы келіп түскен НҚА жобаларының ішінде, Кәсіпкерлер палатасы тек  35 жобаға ғана «Ешбір ескерту жоқ» деген сараптамалық қорытынды берген. Ал, 11 жоба НҚА қабылдау барысында заң талаптарының орындалмауына байланысты, «Қаралмаған» деген ескертумен кері қайтарылған. Сондай-ақ, 81 нормативтік-құқықтық акт жобасына тиісті өзгертулер мен толықтыруларды қажет ететін ескертулері бар деген сараптамалық қорытынды жасалған.

Сараптамалық қорытынды нәтижелері белгілі болған соң, өкілетті органдар ескертулер мен ұсыныстардың 90%-ын ескеріп, сәйкесінше НҚА жобаларына енгізген.

Айта кетер жайт, сараптамалық қорытынды берместен бұрын, Кәсіпкерлер палатасы міндетті түрде өңірдегі кәсіпкерлік субъектілерінің әрқайсысының ұсыныстары мен пікірлерін ескереді.

Ал, кейбір өкілетті органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптары толығымен орындалмаған НҚА-ға сараптамалық қорытынды жасау үшін хат жолдап жатады екен. Сонымен қатар, олардың арасында жекеменшік кәсіпкерлік субъектілері мүдделеріне тікелей байланысы бар және оларды әзірлеу қағидаттары бұзылған актілер де бар. 

Мұндай заңбұзушылықтар қатарында өкілеттіліктің болмауы, актілерді әзірлеген тұлғалардың НҚА қабылдау мерзімін сақтамауы, түсіндіру хатының болмауы немесе оның талапқа сай келмеуі, қолданыстағы заң ережелерінің құрылымдық тұстарын дұрыс түсінбеу, сараптама комиссиясы отырысы немесе тиісті органның қарауына дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында,  интернет-ресурстарда міндетті түрде жариялануы тиіс НҚА жобасының жарыққа шықпауы және тағы басқалары бар. Айта кетерлігі, мұндай заңбұзушылықтар кейінгі уақытта жиі ұшырасады екен.

Аталған мәселе өзекті болғандықтан, ол Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің қарауына беріліпті.

«НҚА сараптама жасау барысында бізге кәсіпкерлердің жалпы жинақталған пікірлері өте маңызды, – дейді құқықтық бөлім басшысы Мағрипа Нығышева. – Біз кәсіпкерлерді аталған жұмысқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Себебі, кейбір жобаларға қатысты нақты ұсыныстар мен ескертулерді тек кәсіпкерлер ғана бере алады».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер