Жүзден жүйрік...
Ақмола облысындағы «Агрофирма TNK» ЖШС тұрғындарға арналған тауар өндіретін үздік кәсіпорын ретінде танылып, «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанды
Естеріңізге сала кетейік, ірі ауылшаруашылық кәсіпорнының құрамына (кәсіпорын іргетасы 2000 жылы қаланған) 15 компания тобы енген. Олардың барлығы «ауылдан – асханаға дейін» қағидаты бойынша табиғи өнімдерді жоғары технологиялармен шығарып келеді.
«Агрофирма TNK» ЖШС өнімдерінің басым көпшілігін бидай өнімдері (оның ішінде таңдаулы бидай тұқымдары), ұн, кебек, мәйекті қатты ірімшіктер, қышқыл сүт, шұжық өнімдері, ет консервілері, ет деликатестері мен жартылай фабрикаттар құрайды. Бұдан бөлек, кәсіпорын асыл тұқымды мал өсіру, ірі қара мал және жылқы етін шығарумен айналысады.
Тек табиғи шикізатпен әзірленетін компания өнімдері «Жақсы» сауда маркасымен шығарылып келеді. Өткен жылдың басында кәсіпорын өз брендін халыққа танымал ету және соңғы тұтынушылармен жұмыс жасау ісін қолға алды.
Айта кетерлігі, компанияның 200 мың гектардан астам егіс алқабы бар. Компания ТМД елдері арасындағы нан өнімдерін шығарумен айналысатын ең ірі кәсіпорындардың бірі. Қазақстанда шығарылатын ұнның 7%-ы компания үлесіне тиесілі деп саналады. Сондай-ақ, компанияда қышқыл сүт өнімдерін қайта өңдеу технологиясы да жолға қойылған. Кәсіпорынға қарасты сүт-тауар фермасы күніне 20 тоннаға дейін сиыр сүтін бере алады. 2015 жылдың соңында компанияның ассортименті ет өнімдерімен толықты.
Алдағы уақытта компания бидай дақылдарын қайта өңдеу және жарма, ұн, макарон өнімдерінің әр түрін шығаратын, үш кезеңді жобадан тұратын кешен құрылысын салуды көздеп отыр. «Агрофирма TNK» озық технологиялар мен басқарудың жаңа әдістерін игерген, қарқынды дамып келе жатқан компания болып табылады.
«Әрине осындай жоғары әрі танымал марапатқа ие болу – біздің компания үшін үлкен мәртебе. Біз біршама табыстарға қол жеткізгеннен кейін, компания алдына тағы да басқа міндеттер қойдық. Олардың ішінде кәсіпорын имиджін арттыру, нарықта көшбасшылық ұстанымды бекіту бар. Біз өнім шығару технологиясы мен өнім сапасын арттыру үшін көп жұмыс жасадық. Осылайша, өз еркімізбен ИСО 9001 және ИСО 22000 стандарттары бойынша сапа менеджменті жүйесін сертификаттадық. Біздің мақсатымыз – сапалы, табиғи, тұтынушының барлық сұраныстары мен талаптарына сай келетін өнім шығару», – деді «Агрофирма TNK» ЖШС ақпараттық технологиялар және сапаны бақылау бөлімінің басшысы Людмила Реммеле-Кошелева.
Компания, сонымен қатар, алдағы уақытта өнімдерге Halal, BIO, Organic және тағы басқа халықаралық стандарттар бойынша сертификат алуды көздеп отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: