«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өтеді

2014 жылғы 18 Наурыз
3756 просмотров

Ағымдағы жылы мамыр айының ортасында Астанада Қазақстан-Венгрия бизнес-форумын өткізу жоспарланып отыр. Венгрлық компаниялар мен қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша форумды «ҚазАгро» Ұлттық холдингі Қазақстандағы Венгр Елшілігі мен сол елдің Ауыл шаруашылығы Палатасы бірлесе ұйымдастырады. Бұл туралы BNews.kz холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ауыл шаруашылығы өнімдері форумы Инвестиция және сауда бойынша Венгрлік агенттігі (HITA) наурыз айында Будапештте ұйымдастырған шараға жауап миссиясы болады. Венгрлік әріптестермен кездесулер қазақстандық холдингтің Қазақстан экономикасына инвестициялар мен технологиялар тартумен байланысты мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау және осы саладағы республикамыздың Үкіметі қойған міндеттерді жүзеге асырудағы шараларының бөлігі болып табылады», - деп жазылған хабарламада.

Венгр астанасында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі өкілдері қазақстандық АӨК инвестициялық мүмкіндіктері туралы, «Агробизнес - 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шаралары және «Инвестициялар туралы» Заң туралы сөз қозғап, сұрақтарға жауап берді. Форум барысында қазақстандық агросаладағы кәсіпорындармен жұмыс жасауға қызығушылық танытқан бірқатар компаниялармен екіжақты кездесулер өтті. Сонымен қатар, «ҚазАгро» мен EXIM Bank арасында Қазақстанда АӨК саласында жобаларды инвестициялау бойынша бірыңғай қор құру туралы келісімдер жүргізілді. 

Венгрлік агробизнес өкілдерімен кездесу барысында «ҚазАгро» холдингі басшысы Дулат Айтжанов қазақстандық аграршылар Венгр елінің тәжірбиесін ескере отырып, екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отырғанын атап өтті. Бізді қызықтыратын ет өндіру мен қайта өндіру, сонымен қатар көкөніс өнімдерін қайта өңдеу.

«Венгр елінде өткен бизнес-форумда қазақстандық делегация осы елдің кейбір агроөнеркәсіптері жұмыстарымен танысты. Соның ішінде кәсіпкерлер ІҚМ бағу бойынша Hunland фермасын және көкөніс пен жеміс қайта өңдеу бойынша Mirelit Mirsa зауытында болды. Осыған орай, осы өндірушілердің өкілдері Астанада өтетін бизнес-форумға қатысу ықыласын білдіріп, қазақстандық әріптестермен өзара жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін талқылау үшін кездесуді жоспарлауда»,- деп көрсетті баспасөз қызметі.

«Қазақстанда көкөніс өнімдерін өндірудің үлкен потенциалы бар. Жаппай астық жинау кезінде оның молшылығы бар. Сонымен қатар, маусым арасында сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз, қайта өңдеу де әлсіз дамуы байқалады. Сондықтан біз осы салаға да венгрлік технологияларды тартуға бағытталдық» - деп «ҚазАгро» Холдингі Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов Венгрияда өткен бизнесмендермен кездесуде атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер