Кластерлік альянс ауқымы кеңейіп келеді
Өңірлік палата Көкшетау қаласының бірқатар білім беру мекемелерімен және кәсіпорындарымен кластерлік қамқорлық туралы меморандум жасады
Құжатқа алты тарап қол қойды: №4 және №21 орта мектептер, Көкшетау қаласы №1 сервистік-техникалық колледжі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, «Жұмағұлов М. С.» жеке кәсіпкерлігі және Өңірлік кәсіпкерлер палатасы.
ӨКП директорының орынбасары Айжан Тәжмиеваның айтуынша, бұл құжатқа қол қоюдағы басты мақсат – барлық қатысушылар арасында, яғни университеттер, орта, техникалық және кәсіби білім беру мекемелері мен кәсіпорындар арасында кең ауқымды кооперация құру, білім беру нарығы мен еңбек нарығының өзара әрекеттесу тетіктерін әзірлеу. Сонымен қатар, тараптар бейінді оқытуды кәсібилендіру, орта білім беру, ғылым мен техника саласында тікелей және өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін стратегиялық әріптестік жүйесін құру, сондай-ақ оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселелерін тереңірек зерттемек.
Сондай-ақ әріптестік аясында білім беру және ғылыми зерттеулер саласында тиімді инновациялық әріптестікті дамыту, мамандар даярлау сапасын арттыру және барлық осыған мүдделі ұйымдар арасында толықтай өзара түсіністік орнатуға көмектесу жоспарланып отыр.
Тараптар тиімді сұхбаттасу алаңдарын құру, кездесулер, өндіріске саяхаттар, байқаулар, ата-аналар жиналыстарын және тағы басқа шаралар өткізу бағыттары бойынша жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетер болсақ, бұған дейін Палата мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Той-Дастархан» ЖШС-мен, «Чайка» балабақшасымен, №13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясымен және №1 Көкшетау құрылыс-техникалық колледжімен кластерлік қамқорлық жүйесін енгізу жөнінде меморандумға қол қойған еді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: