Украина елшілігінің өкілдері Қазақстанға жаңа технологияны дамыту бойынша украиндық компанияны тартпақ
12 наурыз күні ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Украинаның Қазақстандағы елшілігі, экономикалық бөлімінің бірінші хатшысы және кеңесшісі Сергей Воронцов пен Юрий Мансветовпен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық байланысын арттыру мүмкіндігі жайында өзара пікір алмасты.
Бүгінгі күні Украина мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы тым азайып кетті. Осыны ескере отырып, инвестиция тарту және экспорт көлемін арттыру мәселесінде өзара келісімге келуге қол жеткізілді. Елшілік өкілдері Қазақстанда жаңа технологияны дамыту бойынша украиндық компанияларды тарту жөнінде ұсыныс айтты.
Сондай-ақ, тараптар Днепропетровск облысында өтетін бизнес-форумды талқылады. Форумға Қазақстанның іскерлік орталықтары мен басқа да ұйымдар тарапынан өкілдер шақырылып отыр.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері дипмиссия қонақтарына Днепропетровск сауда-өндірістік палатасын қолдай отырып, форумға белсенді түрде қатысатындығын мәлімдеді.
Украинаның сауда-өндірістік палатасы өкілдері осындағы әріптестерімен байланысты нығайту үшін, Қазақстанға арнайы жұмыс сапармен келмек. Кездесуде осы сапар барысы там-тұмдап пысықталды.
Сондай-ақ, екі елде өтетін халықаралық шаралар, көрме, бизнес-форум мен жәрмеңкелер жөнінде өзара ақпар алып отыруға уағдаласты.
Екі жақтың өкілдері алдағы уақытта Қазақстан мен Украинаның сауда-экономикалық әріптестігі нығая түсетіндігіне сенім білдірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: