Автор өтемақы ала алады
Тауар белгісін заңсыз қолданғаны үшін өтемақы талап ету нормасы адал кәсіпкерлердің құқығын қорғайды
Жуырда «Фейсбуктегі» парақшасында Қазақстанның тәуелсіз автобизнес одағының басқарма төрағасы Тимур Жаркенов ҚР Үкіметіне ұсынылған «Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы кейбір заң актілерін жетілдіру бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң жобасына қатысты өз пікірін білдірді.
«Заң жобасында егер авторлық құқық иесі өзінің тауарлық белгісін өзге кәсіпкер қолданып, азаматтық тауар айналымына оның рұқсатынсыз жіберсе, сол адамнан өтемақы талап ете алады, – дейді Тимур Жаркенов, – алайда «құқық иелерінің мүддесін қорғау» деген әдемі сөйлемнің астарында былайша айтқанда «өтемақы», ауызекі тілде айыппұл жасырынып жатыр, дегенмен тұрғындар мен шағын кәсіпкерлердің мүддесі ұмыт қалған».
Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаменті Ұлттық кәсіпкерлер палатасында биыл 6 қазанда осы заңнамаға орай қоғамдық тыңдалымдар болғанын хабарлайды. Қоғамдық тыңдалымдарды ҚР Әділет министрлігі ҰКП қолдауымен ұйымдастырды, оның қатысушыларына негізгі заң түсіндірілді. Кәсіпкерлік субъектілерінен бұл пікірге қатысты ешқандай ескертпе түспеген.
Қоғамдық тыңдалымдарға Әділет министрлігінің, ҰКП-ның, Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Парламент депутаттары, құқық қорғаушылар мен журналистер қатысты.
«Атамекен» ҚР ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаменті пікір иесі ҚР «Әкімшілік құқық бұзу» кодексіндегі әкімшілік айыппұл енгізуді дұрыс түсінбеген деп айтты.
«Заң жобасынының нормасы бойынша авторлық құқық иесі өз қалауы бойынша заң бұзушыдан сот шешіміне сай 500 АЕК-тен 10 мың АЕК-ке дейін өтемақы талап етуге қақысы бар. Құқық иесінің заңды құқын тауар белгісін заңсыз қолданушылардан өтемақы алу арқылы қорғау заңнаманың басты нормасына айналды, бұл елдің инвестициялық климатын жақсартуға ықпал етеді, оған қоса бұл халықаралық тәжірибеге және Экономикалық серіктестік пен даму ұйымының стандарттарына сай заң. Басқаша айтқанда, бұл норма құқық иесі болып табылатын адал кәсіпкерлердің еңбегін қорғауға бағытталған», – деп түсіндірді ҰКП департаментінде.
«ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» заң жобасының тұжырымдамасы тек қана кодекстің ережелерін гуманизациялауға бағытталғанын атап айту керек.
«Атамекен» ҚР ҰКП заңдарды қатайту мәселесін үздіксіз бақылап отырады. Оның үстіне мемлекеттік органдар тарапынан түскен кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін қатайтуға қатысты 25 ұсыныс ҰКП-ның ескертпесінен кейін қабылданбады», – деп айқындады ҰКП департаментінде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: