«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сауалыңыз жауапсыз қалмайды

2016 жылғы 24 Қараша
- Ақмола облысы
5710 просмотров

Кезекті «Прокурор сағаты» барысында, кәсіпкерлердің басым көпшілігі тергеу ведомствосы өкіліне энергия таратушы компания қызметінің қаншалықты заңды екеніне қатысты сауалдар қойды

Естеріңізде болса, акция Облыс прокуратурасы мен Өңірлік палата арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум мен Кәсіпкерлер құқығын қорғаудың жол картасы аясында өткізіліп келеді.

Мысалы, «Нордфарм-Көкшетау» ЖШС директоры  Жанайдар Сауытбеков, оған бірер күн бұрын қалалық энергия компаниясынан есеп құрылғысын жеті күн ішінде кеңседен тыс жерге көшіру қажеттігі туралы ескерту келгенін айтты.

«Құрылғыны ауыстыруға кететін шығынды кім өз мойнына алады? Кәсіпкерлік субъектісі ретінде мен алуым керек пе, әлде бұған аталған құжатты жолдаған энергетикалық компания жауапты ма? Және мен осы ескертуді міндетті тұрде орындауым керек пе? Егер орындамай жатсам, электр энергиясын өшіріп тастамайды ма?», – деп сауал қойды Жанайдар Сауытбеков.

Бизнесменнің мұндай сауал жолдауы орынды. Себебі, есептегіш құрылғының орнын ауыстыру үшін, оған біршама қаражат керек. Демек, ол кәсіпкерді  шығынға батырады.

Құжатпен таныс болған қалалық прокуратураның 1-бөлім прокуроры Арман Садықанов қысқа да нұсқа жауап берді. «Құжат тек кеңес беру сипатында жіберілген»,– деді ол. 

Прокурор сөзін Палата сарапшылары да мақұлады. Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің 07.12.2000 жылғы №1822 қаулысы бар. Онда есептегіш құралдарды сатып алу және оны орнату қызметі энергия беруші мекемеге жүктеледі деп көрсетілген. Сонымен қатар, қызмет көрсетушінің құрылғыны өзге ғимаратқа орнату туралы талабы заңсыз болып отыр. Себебі, оның энергияны есептеу нұсқасын мәжбүрлі өзгертуге  құқығы жоқ  және оған арнайы санкциялар да қарастырылмаған. «Есептегіш құрылғының иесі тек пломбаларды сақтауға және құрылғының бүтіндігіне ғана жауап береді, сонымен қатар, энергия компаниясы өкілдеріне құрылғыны қарауға және оны тексеруге рұқсат береді», – деді кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Расул Сыздықов.

«Гормолзавод» ЖШС өкілінің, сапарға шығар алдында медициналық анықтамалықтың жоқтығына байланысты айыппұл төлеуге қатысты сауалын, Палата сарапшылары мен прокурор өз бақылауларына алатындықтарын жеткізді. Олар аталған мәселені заң аясындағы ұсыныстар арқылы шешпек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер