«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мал бордақылау алаңын салуда

2016 жылғы 23 Қараша
- Қызылорда облысы
12018 просмотров

«Микробизнес-Қызылорда» жобасы – бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіби қызметтің инновациялық түрлерін игеруге берілген мүмкіндік

Мысалы, тек биылғы жылдың өзінде аталған бағдарлама бойынша, жалпы сомасы 738,5 млн теңгені құрайтын 120 жоба жүзеге асырылған. Нәтижесінде 401 адам жұмыспен қамтылды.

Қазалы ауданындағы кәсіпкер Әбдір Боранбай облыс әкімдігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Микробизнес-Қызылорда» жобасын ұтымды пайдаланған бизнесмендердің бірі. Бірлік ауылының тұрғыны Әбдір Боранбай 4-5 жыл бойы етті мал өсірумен шұғылданып келеді. 80 гектар жер телімі, ондаған жылқысы мен ірі қара малы бар кәсіпкердің ісі алға басып, енді мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлап отыр.

«Мен осы мәселе бойынша Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына бардым. Онда маған Өңірлік инвестициялық орталық арқылы қаржыландыру мүмкіндіктері туралы айтып берді. Орталық қызметкерлері бизнес-жоспар әзірлеп, қажетті құжаттарды жинауға көмектесті. Біраз уақыттан кейін менің бастамам мақұлданды. Нәтижесінде 8 млн теңге алып, мал бордақылайтын алаңның құрылысын бастадым», – дейді Әбдір Боранбай.

Шаруашылықта қысқы жем-шөп даярлауға қажет арнайы техника бар. Кәсіпкер енді сүтті мал санын көбейтуді жоспарлап отыр. Өз жоспарын жүзеге асыру мақсатында, ол Ақтөбе облысынан бірнеше ақбас ірі қара мал сатып алған. Сонымен қатар, кәсіпкер алдағы уақытта қымыз өндірісін жолға қоймақ екен.

Айта кетерлігі, биыл Қазалы ауданы бойынша 323 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Ал, «Микробизнес-Қызылорда» жобасы аясында, жалпы көлемі 130 млн теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер