«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер прокуратураның қадағалауында болады

2016 жылғы 17 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
8174 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында «Жол картасының» үшінші бағытын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының жиналысы өтті

Құрамына «КазАгро» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, екінші деңгейлі банктер, микронесиелендіру ұйымдары, жергілікті атқарушы және қадағалау-бақылау органдарының өкілдері кіретін жұмыс тобы келесі аптадан бастап аудандарды араламақ. Әрбір елді мекенге 20 адамнан құралған жұмыс тобы жөнелтіліп, сол жердің тұрғындарымен кездесу өткізеді. Олардың басты міндеті – бизнес ашу бойынша жалпы бұқаралық акция өткізу, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіру. Облыстан келген қонақтарды ең бірінші болып Қызылжар мен Мамлют аудандары қабылдайды.   

«Өз ісін ашқысы келгендердің барлығы прокуратураның қадағалауында болады. Жұмыс тобы оларға кеңес береді, мемлекеттік кіріс органдарына тіркелу мәселесі бойынша құқықтық көмектер ұсынады, рұқсат қағаздарын рәсімдеуге, бизнес-жоспар құруға, бұдан да өзге көптеген сұрақтар жөнінде өз көмектерін береді. Яғни, жоба бастан-аяқ толық жүзеге асқанша сүйемелдеп отырады», – деді облыстық прокуратура басқармасының 1 бөлімдегі прокуроры Айтуған Қаскербаев.

Үшінші бағытты жүзеге асыру бұл аудандардан басталуы кездейсоқтық емес. Облысқа жақын орналасқандықтан, мұнда кәсіпкерлікті дамытудың келешегі зор. Мамлют ауданы РФ Қорған облысымен шекараласады, көршілердің нарығына шыққан жағдайда жергілікті бюджеттің кірісі көбейеді, әрі аудан тұрғындарының тұрмыс жағдайы жақсарады. Бұл жұмыс тобы осындай нәтижелерге қол жеткізуге мүдделі. «Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы дамып, тұрғындардың тұрмыстық деңгейі жақсарды, жаңа жұмыс орындары ашылып, бұған дейін тек өзін-өзі жұмыспен қамтып келген азаматтар кәсіпкерлікті белсенді өркендетуші санатқа айналды», – деді Қаскербаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер