Қызанақ өсірудің қызығы
Барлық стандарттарға сай келетін жылыжайды қалай салуға болады? Бұл сауалдың жауабын Ақсу қаласының тұрғыны Аңсат Жаңатаев канадалық сарапшыдан білді
Аталған мәселені шешуге шетелдік сарапшы Према Карбанд көмектесті. Ол Канададан Облыстық кәсіпкерлер палатасының шақыртуымен арнайы келген екен. Сарапшы бұл сапарында қызанақ өсіру тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді мақсат етіп отыр.
Канадалық мейманның іссапары өңірде табысты түрде жүзеге асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Аға сеньорлар» компоненті аясында іске асырылуда.
Кәсіпкер қызанақ өсіру мақсатында жалпы аумағы 1,8 гектар жерге жылыжай салуды жоспарлап отыр екен. Бұл ретте, жылыжай жұмысы еуропалық стандарттарға сай болмақ. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін, кәсіпкер голландиядық қондырғыға да тапсырыс берген.
Шетелдік маман барлық тиісті стандарттарға сай келетін жылыжай құрылысына атсалысып, нәтижесінде кәсіпорын мол қызанақ өнімін алмақ.
Канадалық сарапшы ӨКП бекіткен үш жақты келісім аясында сапалы жылыжай салудың барлық қырын ескеремін деп отыр. Әрбір жылыжай тиімді жұмыс істеуі үшін, температура режимі, ауа ылғалдылығы, күн сәулесінің жеткілікті деңгейде түсуі қамтамасыз етілмек.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: