«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ет іздесеңіз, осында келіңіз!

2016 жылғы 17 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
10988 просмотров

Өскемен қаласындағы «Fresh Market» гастрономы өте сапалы етті үйге дейін жеткізіп береді

Бөлімнің басты ережесі – әрдайым дәмді, жас ет сату.  

«Фреш маркет» фермерлік гастрономындағы ет павильонының кіреберісінде сатып алушыларды бөлімнің жайдары иелері – Альмира, Гүлмира және Әсел қарсы алады. Олардың алдындағы үш үстелде (35, 36, 37) сиыр мен бұзаудың жіліктелген, сапалы, жас еті самсап тұрады. 
Бұл әйелдер бір команда болып істегелі біраз жыл, содан бері тұтынушылар арасында танылып үлгерді. Бөлімнің басты ережесі – әрдайым дәмді, жас ет сату. Сондықтан кеше сатылған еттің бір кесімі де бүгін сөреге қойылмайды. Сатылатын өнімнің сапасына да баса көңіл бөледі. Ет сөреге түспес бұрын барлық қажетті зертханалық талдаулардан өтеді. Анықтамалардың барлығы тексеріледі. «Фреш маркет» гастрономында мемлекеттік ветеринарлық бөлім жұмыс жасайды, ол барлық өнімнің сапасын қадағалап отырады.  

Әрбір сатып алушы мұндағы сатушылардың таразыдан жемейтініне, бір кесім ет өлшесе де тура өлшеп беретініне сенеді.

«Бізді қатты қадағалайды. Әр сөренің басында бейнебақылау бар. Азғантай шағымның өзіне қомақты айыппұл төлетеді. Тіпті орынды босат деп те айтады. Оның үстіне өзіміз де тұрақты сатып алушылар алдында ұятқа қалғымыз келмейді, ешқашан таразыдан жеген емеспіз. Клиенттер бізге сенеді, осы сенімді сақтап қалғымыз келеді», – дейді олар.     

«Фреш маркет» фермерлік гастрономы өз ісіне жауапты ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге сенім артады. Әрбір жалға алушының тәртіпті болуы жалпы нысанның имиджін қалыптастырады ғой.

«Бүгінгі таңда адамдар талапшыл бола бастады. Біз әділ бәсекелестік аясында жұмыс істеп жатырмыз. Мақтанды демеңіз, дегенмен біз үшін ең маңыздысы – тазалық пен тәртіп. Адамдар өзіне ыңғайлы жағдайды, мәдениетті сауда жасайтын орынды таңдайды. Сондықтан бізге келеді. Бізде сапа үздіксіз бақылауда тұрады. Біздің сөрелерге ауру малдың еті түскен емес. Оның үстіне бәріміздің жұмыс киіміміз тап-таза, сатушының бәрі қолғап, баскиім киіп жүреді. Бұл залда 50-ден аса камера ілінген», – дейді «Фреш маркет» ЖШС директоры Мұхамед Рақымжанов. 

Сауданың барлық талаптарға сай болу, санитарлық нормаларды сақтау дегеніміз ет бөліміндегі бағаны шарықтатып жіберу деген сөз емес. Керісінше, қаладағы ең төмен бағалар осында. Өйткені әйелдер делдалсыз, алыпсатарсыз жұмыс істейді. Екі сатушының Ұлан және Көкпекті аудандарында өзінің жеке шаруашылықтары (Ерсін және Отау) бар, тұтынушыларға сатылатын ет бірден сол шаруа қожалықтарынан жеткізіледі.   

«Бізде әлеуметтік баға да бар, тұрақты клиенттер мен көтерме саудагерлерге біршама жеңілдіктер қарастырылған. Зейнетақы берілген күні бұзаудың етін төмен бағамен сатуға тырысамыз, зейнеткерлер ет алып алсын дейміз. Тұрақты клиенттерге дисконт карталарын ұсынамыз, әр сатып алған етіне 3 пайыздық жеңілдік беріледі, сатып алған сайын жеңілдігі көбейеді», – дейді Гүлмира.

Әлеуметтік жауапкершілік пен сатып алушыға деген адал көзқарастың арқасында бұл ұжымда тұрақты клиенттердің тізімі жасалған. Олардың көпшілігі тапсырысты телефонмен беріп, етті үйге жеткізіп беруді сұрайды.

«Қаладағы «Шайни Ривер», «Золотой век», «Конный двор» сынды ірі мейрамханалар, асханалар, дәмханалар бізден талай жылдан бері ет алып тұрады. Сиыр етін арзан бағамен мектептерге де, балабақшаларға да жеткізіп отырамыз», – дейді Альмира.

Қазақстандықтарды желтоқсанда көп мереке күтіп тұр, мейрам кезінде дастарханға дәмді ет қойғыңыз келсе, оны «Фреш маркет» гастрономынан тиімді бағамен сатып алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер