«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның үздік тауарын таңдайық: «SMAK-PV» ЖШС

2016 жылғы 14 Қараша
7304 просмотров

Павлодар облысындағы «Қазақстанның үздік тауары – 2016» көрме-байқауы жеңімпаздарының бірі

«SMAK-PV» ЖШС жартылай дайын өнімдер шығарумен айналысады.

Кәсіпорын шығаратын өнімдер тізіміне 45-тен астам жартылай дайын өнім енеді. Олардың арасында, тұшпара, құймақ, тефтели, хинкали, котлет, бұршақ ет, манты, вареник, фарш, ет кесінділері және  т.б. көптеген өнімдер бар.

«SMAK-PV» ЖШС әзірлейтін өнім түрлері жыл сайын артып келеді. Кәсіпорын өнімдері тек Павлодар облысында ғана емес, сондай-ақ, республиканың өзге де аумақтарында жоғары сұранысқа ие. 

«SMAK-PV»  ЖШС – «Халық Маркасы 2015»       сапа белгісінің иегері; «Мінсіз» Халықтық Сапа белгісінің иегері; «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы.

Болашағынан зор үміт күттіретін кәсіпорын, жоспарлы түрде техникалық жабдықтауды қолға алып, өндіріс базасын жаңа қондырғылармен толтырып, өндірісте заманауи технологияларды қолданып келеді.

«SMAK-PV» ЖШС 2011 жылдан бастап «Халал» өнімдерін щығаруды қолға алды. Енді жоғары сапалы бірқатар өнім түрлері әрбір тұтынушыға қолжетімді болып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер