«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мамандықты дұрыс таңдауға көмектесу

2016 жылғы 14 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
9709 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы  мен Білім басқармасы бірлесе, айына екі рет жалпықалалық Кәсіптік бағдар беру күнін өткізіп келеді 

Бұл күні мектеп түлектері техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарымен танысып, қала мен облыста қандай кәсіпорындар бар екенін, еңбек нарығында қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін білді.

Өңірлік палатаның алдындағы басты міндет – мектеп оқушыларының кәсіптік бағыт-бағдарын жүйелендіру, кәсіптік таңдау векторын нарық сұранысына қарай оңтайландыру, білікті мамандар дайындау. Осы мақсатпен қала мен облыстағы жалпы білім беретін мектептерде 56 кәсіптік бағдар беру кабинеттері ашылды, облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып форумдар, семинарлар өткізілді, қала мен облыстағы кәсіпорындар туралы база жинақталды, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар іріктелді, оқушылардың кәсіпорындарға экскурсиясы ұйымдастырылып, кәсіптік бағдар беру тақырыбында сынып сағаттары мен сұхбаттасу уақыттары белгіленді. Палатаның адами капиталды дамыту бөлімі «Мектеп түлектерінің көмекшісі» атты әдістемелік құрастырды, онда мектеп түлектерінің қандай мамандыққа бейім екендігін анықтауға көмектесетін алгоритм бар, сонымен қатар НЗМ (Назарбаев Зияткерлік мектебімен) бірлесіп, «Мамандықты дұрыс таңдау» атты мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына арналған әдістемелік жинақ құрастырылды. 

Кәсіптік бағдар беру күні өткізілген кездесулер кәсіптік бағдар берудің кешенді жүйесін жасауға көмектеседі, әрбір колледждің мектептерде ақпараттық жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді. Жоғары сынып оқушылары сұранысы жоғары мамандықтар туралы ақпарат алып, оқу шарттарымен танысады. Кездесулер ата-аналарға баласымен бірге колледждер туралы мәлімет алуға септігін тигізбек.      

Орал ақпараттық  технологиялар колледжінде өткізілген Кәсіптік бағдар беру күніне қаланың 18 мектебінің (қарашада 36 мектеп түлектері қатыспақ) 9 сынып оқушылары қатысып, Орал қаласының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарымен, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен танысып, облыстық, республикалық «Woold Skiils – 2016» жұмысшылар байқауларының жеңімпаздарымен көзбе-көз кездесті.

«Мектеп түлектеріне мамандықты дұрыс таңдау үшін не істеу керектігін айттық, – дейді Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Әбілқайырова. – Мектеп түлектері мамандықты көбіне кездейсоқ таңдай салады. Сондықтан мамандық таңдаудың сатылы алгоритмін біз балалардың қолына ұстаттық, осы әдістемелік мамандық таңдауда оқушыларға да, олардың ата-анасына да  көмекші болмақ».

Айгүл Әбілқайырованың айтуынша, заманауи кәсіптік бағыт-бағдар беретін психологтарға, оқытушыларға, арнаулы әдістемеліктерге деген сұраныс артып келеді. «Кәсіптік бағдар беру шараларын үнемі өткізіп тұру кәсіптік бағдар беру жұмысының ауқымын кешенді түрде ұлғайта береді. Бұл жайт еңбек нарығындағы жағдай мен заманауи білім нарығын бір жүйеге түсіруге көмектеседі», – деді  Айгүл Әбілқайырова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер