«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа зауытқа – ақ жол!

2016 жылғы 14 Қараша
7559 просмотров

Құбыр кесетін отандық зауыт «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегімен нарыққа шығатын болды

Биыл шілде айында «Тенарис» компаниялар тобына кіретін «Тенарис» өндірістік-сервистік компаниясы «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағында «Премиум» класына жататын газды-герметикалық мұнай-газ айдауға арналған жапсарсыз болат құбырларын кесетін зауыт «Қазақстан Пайп Трэдэрс» ЖШС құрылысына 40 млн доллар инвестиция салды. Зауыттың жобалық қуаты 45 мың тонна, 90 жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отыр.

«Тенарис» компаниялар тобы жыл сайын дүниежүзі бойынша 6,3 млн тонна болат құбыр өндіреді. Әлемнің 17 мемлекетінде өндірістік орталықтары, ал тағы 30 елде қызмет көрсету орталықтары мен дистрибьюторлық желілері бар. Компания өз өнімдерін Солтүстік және Оңтүстік Америкаға, Таяу Шығыс пен Африкаға, Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сатады.

Қарашығанақ мұнай-газ кен орны жобасы аясында әрі отандық кен қазушы компанияларға «Қазақстан Пайп Трэдэрс» ЖШС-ның дайын құбыр өнімдерін жеткізіп беру үшін, СТ-KZ формасындағы сертификатты алуды көздеген еді.

«Қара металдан жасалған, іші қуыс, жапсарсыз, арнаулы құбырлар, түтіктер мен пішіндерге» арналған ТН ВЭД 7304 коды бар СТ-KZ формасындағы сертификатты алу үшін, құбырлардың гидравликалық сынағын қосқанда бірқатар шарттарды орындау керек. Алайда компаниядағылардың айтуынша,  олар құбырларды «Тенарис» компаниялар тобының әлем бойынша таралған еншілес кәсіпорындары өндіретін дайын құбыр қалыптарында құя дайындайды. Механикалық және технологиялық ерекшелігіне сай көміртекті және жоғары легирленген құбыр қоспаларының гидравликалық сынағы «Тенарис» компаниясының жапсарсыз болат құбырлар қалыбын өндіретін зауытта жасалады. Сондықтан құбырлардың гидравликалық сынағы технологиялық үдеріске әрі құбыр дайындау сапасының талабына сай келеді. Гидравликалық сынақты Қазақстандағы құбыр кесетін зауытқа енгізу сынақ үдерісінің қосарлануына, өнімнің өзіндік құнының арттыруына әкеп соқты», – дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеуші өнеркәсіп департаментінің сарапшысы Эльмира Оразова.  

Осы себепті жаңа зауыт «Атамекен» ҰКП-дан көмек сұрады, Палата ҚР Инвестициялар мен даму министрлігімен кездесулер және келіссөздер ұйымдастырған.  

ҚР инвестициялар және даму вице-министрімен болған кездесу нәтижесінде, «құбырларды гидравликалық сынау» операциясын орындау өнім өндіретін елдің ережесі бойынша «Тенарис» компаниясының өндіруші зауытында халықаралық API 5CT/ISO 11960 стандартына сай жасалатын болды.

«Зауыт өңірлік стратегия аясында жергілікті өнім өндіруші ретінде жұмыс істеп жатқандықтан рұқсат беріліп отыр. Енді зауыт СТ-KZ формасы бойынша сертификат ала алады, соның арқасында нарыққа шығып, қазақстандық кәсіпорындарға жаңа құрылғылар жеткізіп беретін болады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП сарапшысы. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер