Мемлекеттік қолдаудан құр қалма
Кәсіпкер мемлекеттік қолдауды екінші рет пайдаланып, бизнесін біршама кеңейтіп алды
2013жылы Азамат Жанболов жылқы шаруашылығын дамыту үшін «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 2 200 000 теңге несие алып, қаражатқа 7 жылқы сатып алған. Одан бөлек, жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау аясында оған көмек көрсетілді. Жас кәсіпкердің кәсібін ынталандыру мақсатында бюджет есебінен су шығаратын ұңғыма қазылды.
Бұл жолы да Жамбыл ауданы Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілері ауылдағы кез келген кәсіпкер қолдана алатын мемлекеттік қолдаудың барлық құралдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Олар шағын несиені кепілдік негізінде қалай алуға болатындығын және несиенің тек бизнесті кеңейтуге және ұйымдастыруға берілетіндігін түсіндірген. Азамат Жанболов айтылған екі шарттың соңғысын қолдануды жөн көрді. Барлық қажетті құжаттарды жинап, жылқы шаруашылығын дамыту үшін 5 000 000 теңге несие алып, сол қаражатқа 17 бас жылқы сатып алды. Кәсіпкердің бизнесті одан әрі дамыту түсуде жоспарлары да баршылық. Жанболовтар жанұясы бұған дейін «Бизнес-өсім» бағдарламасы бойынша оқу-семинарларына да қатысқан. Кәсіпкер келешекте «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысуды көздеп отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: