«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Облыс басшысы ұсынысты қолдады

2016 жылғы 10 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
6966 просмотров

Облыс әкімдігі өңірлік Кәсіпкерлер палатасының ауыл кәсіпкерлеріне шағын несие беру туралы ұсынысын қолдады

Эскпорт көкжиегін кеңейту, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тәжірибесі, микронесиелендіру мен ауыл кәсіпкерін қолдаудың жаңа құралдары, өңірде кластерлер ашу – осындай тақырыптарды Кәсіпкерлер форумында мемлекеттік органдар мен даму институттары, банкирлер мен бизнес-қауымдастықтар бірге талқылады.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайыршин ауылдағы кәсіпкерлерді мазалайтын микронесиелендіру мәселесін көтерді. Ол мынадай жобаны ұсынды: облыс әкімдігі 300 мың теңге бөледі, дәл осындай соманы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ да бөлсе. 500 мыңнан 15 миллионға дейінгі несиелер 7% жылдық салыммен ең ұзақ дегенде 4 жылға ғана берілсе. Бизнестің барлық түріне несие бөлініп, ешбір салалық шектеу қойылмаса.

«Ауылда несие алу қолда жоқ кепілдікті сұрауға тіреледі. Ауыл бизнесін бірлесе қаржыландыруға болады – деп ұсынды Нұрлан Қайыршин. – Әр ауданда Палатаның филиалдары жұмыс істейді, кәсіпкерлерді қолдау орталықтары бар, олар еш қиындықсыз қажетті құжаттарды жинап, жобаларды аудандық кәсіпкерлер кеңесінде талқылап, аудандық кеңес мақұлдаған соң, жобаларды Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына бағыттайды, сол жерден несие алады. Кеңесші менеджерлер жобаны тек несие алғанша емес, қаржыны алған соң да (серіктес табуға, өнімді сатуға, салық пен бухгалтерлік есептерді өткізуге және т.б.) бақылауларына алады ».   

«Бүгінгі таңда БҚО Кәсіпкерлер палатасына қарасты аудандық Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында жалпы сомасы 951,4 миллион теңгеге бағаланған 108 жоба тұр, – деп атап көрсетті Нұрлан Қайыршин. – Микронесиелендіру бағдарламасын жүзеге асыру ауыл бизнесін дамытуға көмектеседі, өйткені онда ел тұрғындарының тең жартысы тұрады».

Облыс әкімі Алтай Көлгінов ӨКП директорының ұсынысын қолдады, өзінің орынбасары Игорь Стексовке аудан әкімдерімен бірлесе отырып, микронесиелендіру жобаларын мұқият қарап, оларды жүзеге асырудың алгоритмін жасауды тапсырды. «Бәрі де жобаға, оның келешектегі жүзеге асу ықтималдылығына байланысты, – деді Алтай Көлгінов. – Біздің міндетіміз – ауылдағы бизнесті жандандыратын жобаларға қолдау білдіру, қолайлы бизнес-климат жасау». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер