«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауған бизнесмендері арадағы тауар айналымын арттыруға мүдделі

2016 жылғы 09 Қараша
- Алматы қаласы
7283 просмотров

Қазақ-ауған бизнес-форумы аясында кәсіпкерлер азық-түлік өнімдерін жеткізу туралы келісімге келді

Көп жылғы соғыстан кейін, еңсесін енді тіктей бастаған Ауғанстан әзірге тұрғындарды өз өнімдерімен қамтамасыз етуге қауқарсыз болып отыр. Халық тұтынатын көптеген тауарларды ауғандықтар бүгінде Қазақстаннан сатып алуда.  Осылайша, 2014 жылғы мәліметтерге сәйкес, біздің ел Ауғанстанға 333,5 миллион доллардың тауарын экспорттаған екен. Қонақтар енді тауардың өзге де түрлерін сатып алуға ниетті.

Қазақстандық-ауғандық бизнес-форумын Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған болатын. Өз өнімдері мен қызметтерін 30-дан астам отандық  компания ұсынды.

«Қазақстан біз үшін басты экономикалық әріптес болып саналады. Сіздердің елдеріңізде бизнесті дамытуға жасалған барлық жағдай біздің көңілімізден шықты. Біз Қазақстаннан азық-түлік пен құрылыс материалдарын сатып алып қана қоймай, елдеріңізде бірлескен осындай өндіріс орындарын ашқымыз келеді. Ауғандық кәсіпкерлер, сіздердің елдеріңіз – инвестиция құю үшін тұрақты мемлекет деп санайды. Сонымен қатар біз Қазақстанның құрылыс нарығына қызығушылық танытып отырмыз. Бізде жалпы сомасы миллион доллардан асатын ұсыныстар бар», – деді Кабул Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдул Хассиб Рахими.   

Ауғандық тауар өндірушілер, өз кезегінде Қазақстанға мақта, кілемдер, мәрмәр, құрғақ жемістер және еліміз баж салығын алып тастаған тауар түрлерін экспорттамақ.  Осы сынды 12 тауар түрлерінің арасында – қызыл мейіз, алма және анар бар. 

Абдул Хассиб Рахими «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнеспен жұмыс жасау барысында жоғары жетістіктерге жеткенін айта отырып, ҰКП-ның бай тәжірибесі олардың ұйымына пайдалы болатынын жеткізді. Ол, сондай-ақ қазақстандық-ауғандық сауда палатасының құрылуы екі ел арасындағы тауар айналымының артуына жол ашатынына тоқталды.

Қонақтарға арналған бағдарламада алматылық супермаркеттер мен базарларды аралатып көрсету де бар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер