«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік сатып алулар тізімі жария болуы қажет

2016 жылғы 09 Қараша
- Ақмола облысы
7035 просмотров

Отандық тауар өндірушілерді қолдау және отандық тауарларды дамыту жөніндегі жұмыс тобының мақсаты - мемлекеттік сатып алуларға қатысатын жергілікті өндірушілерді қолдау

Жұмыс іріктеу түрінде жүргізіледі, бұған дейінгі шаралар кезінде құрылыс, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала және квазимемлекеттік секторлар  саласы қамтылған болатын. Мысалы, құрылыс саласында Кәсіпкерлер палатасы техникалық қадағалау қызметтерін сатып алу бойынша аяқталған байқаулардың ішінара сараптамасын жасады. Бұл қызметтер бойынша 28 байқаудың ішінен Ақмола облысының 8 кәсіпкері жеңімпаз атанған. Өзге лоттар бойынша Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және басқа облыстардан келген кәсіпкерлер алға озды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Валентина Геращенконың айтуынша, мемлекеттік сатып алулар туралы қолданыстағы заңнаманың жауапсыз кәсіпкерлердің құрылыс қызметтерін сатып алуға қатысуы кезінде демпинг қолдануына жол бермеу және жобалық-сметалық құжаттамаға енген және сараптамадан өткен жабдықтарды пайдалануға қойылатын  талаптар бөліміне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар дайын.

Аталған  отырыс Ақмола облысының Білім басқармасына  арналды. Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, Білім басқармасы мен оған бағынышты 63 ведомстволық мекеме сомасы 3 миллиард теңгені құрайтын сатып алулар жасаған. Мониторинг кезінде, жалпы сомасы 10 770 мың теңгені құрайтын 9 ірі келісімшарттың тек 1-інде ғана отандық тауар өндіруші бар екені белгілі болған.

Отырыс барысында бағалық ұсыныстарға қатысты мәселелер талқыланды. Мысалы,  мемлекеттік сатып алулар сайтында сиыр етінің бағасы 1074 теңгеден 1500 теңгеге дейін құбылып отыр. Мұның өзі тек бір облыстағы жағдай. Палата сарапшысы Дәуренбек Жүсіповтың ақпараты бойынша, жергілікті сатып алуға  қатысушылардың белсенділігі төмен болып отыр. Ал шағын лоттар бойынша басты қатысушылар мен жеңімпаздар – тауар өндірушілер емес, сауда компаниялары болып шықты.

Шараға қатысушы жергілікті тауар өндірушілер мұның себебін қағазбастылықтың көптігімен түсіндірді. Қабылданған шешімге сәйкес, Білім басқармасы өткізетін келесі шараға отандық тауар өндірушілер де қатысатын болды. Өз кезегінде білім мекемелері жергілікті кәсіпкерлерге қолжетімді болатын мемлекеттік сатып алулар жоспарын ұсынбақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер