Ақжолтай акция
Атырауда «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал!» республикалық акциясының өңірлік жүлде ұтысының қазан айындағы нәтижесі белгілі болды
Соның нәтижесінде үш атыраулық әртүрлі тұрмыстық техника ұтып алды. Оларды марапаттау облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінде өтті.
«Атамекен» ҰКП қолдауымен 1 қазаннан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал!» атты акцияны бастады, оның басты мақсаты азаматтарға тауарды, жұмысты, қызметті тұтынушы ретінде өз құқығын қорғайтын құқықтық мәдениетті насихаттау. Акция биылғы жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады. Осы мерзім аралығында облыстарда ай сайын ұтыстар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар беріледі. Гранд-финал биылғы жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өтеді, онда бағалы сыйлықтар табысталады, ең басты сыйлық – автокөлік.
Акцияның электронды форматы «Атамекен» ҰКП қаржылық қолдауымен «Wipon» атты көлеңкелі экономикамен күреске арналған мобильді қосымша арқылы жүргізіледі. Бұл қосымша – қазақстандық өнім, оны отандық бағдарламашылар ойлап тапқан. Оны кез келген смартфонға немесе басқада гаджеттерге тегін жүктеп алуға болады.
Акцияға тауар сатып алған, жұмыс не қызмет тұтынып, сол әрекетін чегін көрсету арқылы дәлелдей алған ҚР азаматтары қатыса алады. Егер чек берілмесе, азаматтар бұл заңбұзушылыққа шағымдана алады.
Атырау облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Мәди Такиев хабарлағандай, жеңімпаздарды анықтаудың жариялылығы мен жалпы осы үдерістің объективтілігі үшін арнаулы комиссия құрылған, оның құрамына бизнес-қауымдастықтың мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді.
«Жалпы алғанда республика бойынша қазан айында қатысушылар саны – 8257 адам, олар 226 406 чек жіберген, оның ішінде Атырау облысында акцияға 463 адам қатысқан, олар 7956 чек жіберген. Осы азаматтарымызға белсенділігі үшін алғыс айтқымыз келеді, өйткені акцияға қатысу арқылы көлеңкелі экономиканың көлемін азайтуға үлес қосып, кәсіпкерлер арасындағы адал бәсекелестікті өрбітуге ықпал етіп жатыр», – деді мемлекеттік орган басшысы.
Ұтыс нәтижесінде үшінші орын Атырау қаласының тұрғыны Наурызбай Қалиға бұйырды, ол сыйлық ретінде мультиварка алды. Екінші орын алған атыраулық Зергүл Орынбасар шаңсорғыш иеленді, бірінші орын үшін тағайындалған теледидарды – Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны Жәудір Қамысбаева ұтып алды. Құрманғазы ауданының тұрғыны Нұргүл Мұратоваға жұбаныш сыйлығы берілді, ол 518 чек жіберген екен.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: