«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маркетинг майталманы – Алматыда

2016 жылғы 07 Қараша
- Алматы қаласы
8465 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында «Аға сеньорлар» жобасы өз жалғасын тапты

Надиф Копфпен танысқаннан кейін, осындай нәзік әрі кең пейілді әйелдің Торонтодағы «Джонсон және Джонсон» компаниясына басшылық етіп жатқанын естіп, таң қаласыз. Өз ісінің білгірі, Канаданың үздік маркетологтарының бірі, білікті менеджер Алматыға қазақстандық кәсіпкерлермен бизнесті дамытудағы тәжірибесімен бөлісу үшін келген.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы екі тіл орталығына «Аға сеньорлар» бағдарламасы бойынша сарапшымен кездесу ұйымдастыруға көмектесті.

Маркетологқа көрсетілетін қызметтің төлемі пен оның іссапар шығындары мемлекет есебінен төленеді. Ал Алматыда тұруға кететін шығындарды кәсіпкерлер өз мойындарына алып отыр.

«Мен әлем бойынша бизнес кеңестер беретін «CESO» мемлекеттік ұйымы атынан келіп отырмын. Зейнетке шығып, өз ісінің хас шебері атанған жандар, сондай-ақ ірі компанияларды басқару тәжірибесі бар әрі еңбек тәжірибесі мол адамдар, мені осындай семинарлар өткізу үшін шақырып жатады. Маған жоба тізімін көрсеткенде, мен Қазақстанды таңдадым. Мен кәсіпкерлерге әрдайым өз бизнесіндегі жағдайды терең талдап отыруға шақырамын. Яғни, процестің қай деңгейде екенін және қандай нәтижеге ұмтылып жатқаныңызды білуіңіз қажет. Осылайша, компаниядағы жағдай өзгерген уақытта, оның маркетингтік стратегиясы да өзгеруі тиіс», – деді Надиф Копф.      

Надиф Копф шаһарға екі білім беру орталығының шақыртуымен келген екен. Бұл орталықтар мегаполис нарығындағы өз орнын нығайтып, бизнестерін кеңейтуді жоспарлап отыр. 

«Біз мұндай жобаға бірінші рет қатысып отырмыз. Надифтің келгені осы, ал біз оның бай тәжірибесінен көптеген тың дүние үйрене алдық. Сарапшы бізге бизнеске жалпы түрде қарамай, оған нақты мақсаттар қойып жету керектігін айтты. Біз қазірдің өзінде болашаққа қажет нақты мақсаттарды айқындап жатырмыз», – дейді «V&A» білім беру орталығының директоры Дилором Досбаева.

Надиф Копф Кәсіпкерлер палатасында өтіп жатқан Маркетологтар клубына қатысуға келісім берді. Бизнес өкілдеріне арналған тегін тренинг 24 қараша күні сағат 16.00-де өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер