«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл кәсіпкерлігіндегі ахуал жақсаруда

2016 жылғы 07 Қараша
- Қызылорда облысы
9808 просмотров

Жалағаш аудандық прокуратурасымен бірге жүргізілген жұмыс нәтижесінде аудандағы 68 кәсіпкердің құқығы қайта қалпына келтірілді

«Өңірдегі кәсіпкерліктің институционалды негізін қалыптастыру және дамыту үшін Палата алдында жаңа міндет тұр – кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғау, оған қоса кәсіпкерлердің заңнаманы және өзге де нормативті актілерді қалыптастыру процесіне еркін қатысуына алғышарт жасау. Сол үшін біз облыстың іскерлік мүмкіндігі мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға, бизнесті дамытуға қажетті шараларды жасап жатырмыз», – деді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов жалағаштық кәсіпкерлермен кездесу кезінде.

Жыл басынан бері Кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиалында түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге 453 консультациялық қызмет көрсетілген, тағы 921 кәсіпкер басқа мәселелер бойынша жүгінген. Одан бөлек кеңесшілер ісін енді бастаған 30-дан астам кәсіпкерге бизнес-жоспар құруға көмектесті. «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында 3 екі күндік оқу семинарлары ұйымдастырылып, 46 тыңдаушы сертификат алды.  

Аудандық прокуратурамен бірлесе жүргізген тексерістер нәтижесінде кәсіпкерлердің құқығы тапталғаны анықталған. Оның ішінде Жалағаш ІІД жергілікті полиция қызметкерлері 2016 жылдың басынан 31 мамырына дейін аудан кәсіпкерлерінің 68-ін заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартқаны анықталған, соның кесірінен олардың кәсіпкерлік әрекетіне нұқсан келген. Қазіргі кезде аудан прокуратурасы жоғарыда айтылған әкімшілік хаттамаларға қатысты қарсылық білдірді. Нәтижесінде 68 кәсіпкердің құқығы қайта қалпына келтірілді.

Одан басқа Палатаның Жаңақорған аудандық филиалы жаңадан іс бастаған кәсіпкерлердің несие алуына ықпал етті. 2016 жылы Өңірлік инвестициялық орталық жалпы сомасы 51 миллион теңгені құрайтын 11 жобаға несие бөлді. Бүгінгі таңда 37,2 млн теңге тұратын 8 жоба мақұлданды, 6 жобаның құжаты рәсімделіп жатыр.

«Ауданның салық базасының нығаюы, биік ғимараттардың салынуы, еліміздің дамуы – кәсіпкерлер еңбегінің нәтижесі. Өз бизнесін дамыта отырып кәсіпкер елдің экономикасына айтулы үлес қосады. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, құқықтық қолдау бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді», – деді Кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиалының директоры Ерлан Әбдікеров.

Аудан әкімі Талғат Дүйсебаев ауданда Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді дамып жатқаны, олардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы айтып берді. Аудан прокуроры Самат Бодықов Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, сындарлы жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер