«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес-реестрге тіркелу тегін

2016 жылғы 07 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
13216 просмотров

Облыстың бизнесвумендері көкейлеріндегі көптеген өзекті сауалдарға жауап алды

Іскер әйелдер кеңесінің күнтәртібінде 6 мәселе көтерілді. Олардың негізгілері – міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жобалар, Палата жанынан құрылған Бухгалтерлер клубы, бизнес субъектілерін бизнес-реестрге тіркеу, салық төлеуді жетілдіру. Алғашқы мәселелерге қатысты еш сауал туындамаса, соңғы екі мәселе бойынша көптеген сұрақ қарастырылды. Мәселен, облыстың кәсіпкерлері біраздан бері ресейлік серіктестері бұлардың бизнес субъектісі болып табылатындығын  айғақтайтын анықтама сұрайтынын айтты. Ол құжатты «Бизнес-реестр» деген жобаға тіркеліп барып алуға болатынын Іскер әйелдер кеңесінің хатшысы Ольга Цымбалюк айтты. «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнес-реестр» атты өзгеше бір жобаны іске қосты – мұнда Қазақстан кәсіпкерлері туралы барлық мәліметтер базасы жинақталған. Бизнес-реестрде Қазақстанның тауар өндірушілері туралы, тауар жеткізушілер мен қызмет көрсетушілер жайында барлық ақпарат бар, оған Қазақстан тауарлары туралы да жазылған. Қазіргі таңда базада тауар жеткізушілер мен қызмет көрсетушілер туралы 350 мыңнан аса ақпарат бар, сонымен қатар 330 мыңнан астам тауар мен 4 мыңнан астам отандық тауар өндіруші тіркелген», – деді ол.

Кәсіпкерлер жаңадан ашылған порталға тегін тіркеле алады. Бұл бизнесмендерге жаңа серіктес, жеткізіп беруші, клиент табуға көмектеседі, сатылым көлемінің ұлғаюына да оң әсерін тигізеді. «Бір нәрсеге назар аударғым келіп тұр: соңғы кездері ресейлік кейбір компаниялар қазақстандық кәсіпорындармен келісімшарт жасасқанда, компанияның бизнес субъектісі екендігін растайтын анықтама сұратып жүр. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті олар аздық ететін болыпты. Сондықтан сіздерге «Бизнес-реестр»-дің анықтамасы көмектеседі, оны өзіңіз де ала аласыз, немесе реестр жасаушылардан шығарып бер деп өтінсеңіз де болады. Айта кетейін, реестрде тіркелгендігі туралы анықтама тегін беріледі», – деді Ольга Цымбалюк.

Екінші сұрақ салық төлеуге қатысты болды, әрине ол ең өзекті мәселе болып қала береді. Облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Лина Ермолаева жиналған қауымға салық саясаты мен қазіргі салық және кедендік әкімшілендіру мәселесіне қатысты ағымдағы заңнаманың негізгі бағыттары туралы айтты. Олар:

– ҚҚС (қосымша құн салығы) бойынша есепке тұру үшін негізгі төменгі шектің біртіндеп төмендету;

– Барлық салық төлеушілерге электронды шот-фактураны міндеттеу;

– Қолма-қол емес айналымды ынталандыру;

– Отандық және шетелдік тауарлар үшін ҚҚС (қосымша құн салығының) бейтараптығын қамтамасыз ету.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер