«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жемқорлыққа жол беретін ереже

2016 жылғы 04 Қараша
- Алматы қаласы
5196 просмотров

Супермаркеттерде азық-түліктер өнімдерін қайта өлшеп сату заңға қайшы болып шыққан

«Реалист» супермаркетінің қызметкерлері Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына шағым түсірді. Олардың айтуынша, бертінде ғана күнделікті заң бұзып жүргендерін біліп, аң-таң күйге түскен. «Гермес трейд» ЖШС әкімшілігінің сөзіне қарағанда, Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті өкілдері тексеріс барысында, оларға санитарлық ережелерді бұзды деп айып таққан.

Кейін белгілі болғандай, «Азық-түлік өнімдерінің көтерме және бөлшектеп сату нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың» №104 пунктіне сәйкес, азық-түлік өнімдерін бастапқы өндірістен тыс қайта өлшеп, қаптамаға салуға тыйым салынған екен. Мәселенің мән-жайына көз жеткізу мақсатында, бұл жағдай Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінде талқыланды. 

«Бір қапта 50 килограмм жарма болады, ал сырдың бір үлкен бөлшегі 8-9 килограмм тартады. Бізге көтерме бағамен осындай қалыпта сатып алып, оны кішігірім бөлшектерге бөліп және қаптамаға қайтадан орап, бөлшектеп сату тиімді болып отыр. Алайда, үлкен сырды бөлшектеу арқылы біз заң бұзып отыр екенбіз.  Олар бізге аталған олқылықтарды жоймасаңдар, келесі тексеру кезінде ресми түрде айыппұл саламыз деп ескерту жасады», – дейді  дүкен заңгері Татьяна Добрынина. Супермаркет өкілдері,  қант, макарон, печенье, құс саны, шұжық және басқа да азық-түліктерді бөлшектеу ісін дүкендегі таза орында, қажетті кассалық тәртіптері бар бақылау таразыларында жүргізетіндеріне сендірді.

«Ережедегі мұндай пункт – жемқорлыққа жол ашады деп санаймыз. Аталған тармақ бизнес құқығын шектеп, тұтынушылар үшін қолайсыз жағдайлар туғызып отыр. Мәселен, өндірісте салмағы 1 килограмм болып өлшеп оралған азық-түлік бағасы тұтынушы үшін қымбатқа түсіп, оның қалтасын қағатыны анық», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік органдармен байланыс жасау бөлімінің жетекшісі Бекежан Күнтаев.

Кеңес мүшелері, аталған әкімшілік кедергіні жою үшін жоғарыда көрсетілген ережеге өзгерту енгізу немесе оны мүлде алып тастау керектігін келтірді. Осылайша аталған өтініш, алдағы уақытта «Атамекен» ҚР ҰКП түйткілді мәселелер реестріне енгізілмек. Кеңес отырысына қатысқан қалалық прокуратура өкілдері бұл жағдайды өз бақылауына алатын болды.

Сонымен қатар, кеңесте «Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қуандықова А.Б.» ЖК-ның алдындағы өз міндеттерін орындамай отырған Қалалық құрылыс басқармасының және кәсіпкерлердің жер телімдерін жалға алу мерзімін ұзарту, олардың нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініштерін қанағаттандырмай отырған Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының мәселесі де талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер