«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы – әлем назарында

2016 жылғы 04 Қараша
7843 просмотров

«Атамекен» ҰКП мен халықаралық The Business Year басылымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүкіл әлемнің ұлттық экономикасына шолу жасайтын халықаралық көшбасшылардың бірі – «The Business Year» (TBY) журналымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа «The Business Year» тарапынан басылым менеджері Джулиана Карузо, ҰКП тарапынан Палатаның Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов қол қойды.

Атамекен және TBY арасындағы әріптестіктің мақсаты – Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат тарату, сондай-ақ еліміздің ұлттық экспортын дамыту.

«The Business Year» тұрақты дамып жатқан 25 елдің ұлттық экономикасындағы экономикалық трендерге жыл сайын шолу жасайды. Қазақстанда «The Business Year» журналының іскерлік шолулары 2011 жылдан бері жарияланып келеді.

Қазіргі таңда журналдың 2017 жылы шығатын кезекті нөмірі үшін еліміздің бизнес-климаты зерттеліп жатыр. Соның шеңберінде «Атамекен» ҰКП-ның шағын және орта бизнеске көрсетіп жатқан қолдаулары, инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық жоспарларына қатысты сұхбат өтіп жатыр.

Айта кетерлігі, TBY басылымы ірі дүниежүзілік инвестициялық және бизнес-конференцияларда кеңінен таратылады, ол – инвесторлар үшін сенімді ақпарат көзі.

The Business Year – жыл сайын экономикалық шолулар жариялап тұратын басылым. Әлемнің 25 елінде жұмыс істейді, штаб-пәтері Лондон қаласында орналасқан. Түрлі елдердің бизнесмендерімен және саясаттанушыларымен сұхбаттар жүргізіледі, ақпараттар, сондай-ақ экономикалық тенденциялар динамикасы мен инвестициялық мүмкіндіктер бойынша әлемдік бизнес-қауымдастықтарға ұсыныстар әзірлейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер