«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Samhat» аяқ киім фабрикасы» ЖШС

2016 жылғы 03 Қараша
10698 просмотров

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша 3-орын

«Samhat» аяқ киім фабрикасы» ЖШС 2008 жылы құрылған, негізгі қызмет түрі – әйелдер мен ерлерге арналған былғары аяқ киімдер шығару.

Фабриканың өндірістік қуаттылығы жылына 500 мың жұпқа дейін былғары аяқ киімдер шығаруға мүмкіндік береді. Аяқ киім өндірісінде сапалы былғары, экологиялық таза метариалдар мен отандық және шетелдік құрамдас бөліктер қолданылады.

«Samhat» аяқ киім фабрикасы» ЖШС шығаратын өнімдер үш санатқа бөлінеді: ерлер және әйелдер аяқ киімі, әскери-күштік құрылымдарға арналған аяқ киімдер, жұмысшыларға арналған аяқ киімдер.

Компанияның даму тұжырымдамасы сапалы өнім өндіруге бағытталған. Бұл жоғары технологиялы жабдықтарды жаңарту және пайдалану арқылы өндіріске жаңа технологиялар енгізудің арқасында мүмкін болған. Өндірістің барлық сатыларында мемлекеттік стандарт талаптары сақталып, сапаға тұрақты түрде бақылау жүргізіліп тұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер