7 қарашада облыста «Заң және кәсіпкер» акциясы басталады
Кәсіпкерлерге қолданыстағы заң ережелері түсіндіріледі
Екі апта бойы Кәсіпкерлер палатасы, облыс прокуратурасы, мемлекеттік органдар, даму институттары мен табиғи монополиялар субъектілері, жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары мен сот, мемлекеттік тергеу және бақылау органдары өкілдері түрлі салаларда қызмет етіп келе жатқан кәсіпкерлердің мәселелерін талқылап, қолданыстағы заң ережелерін түсіндіретін болады. Акция қорытындысы кәсіпкерлер құқығын қорғау туралы заңды сақтау мәселелері бойынша прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында белгілі болады деп күтілуде.
«ЗАҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕР» АКЦИЯСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
I. Базарларда қызмет етіп келе жатқан тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу:
7 қараша 2016 жыл (дүйсенбі, 10.00-13.00; 15.00-17.00):
«Заречный» базарында қызмет етіп жүрген тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
8 қараша 2016 жыл (сейсенбі, 10.00-13.00; 15.00-17.00):
«Орталық», «Заңғар», «Еуразия», «Жазира», «Ануара» базарларында қызмет етіп жүрген тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
9 қараша 2016 жыл (сәрсенбі, 10.00-13.00; 15.00-17.00):
«Дос-Нар» базарында қызмет етіп жүрген тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
10 қараша 2016 жыл (бейсенбі, 10.00-13.00):
«Фреш маркет» базарында қызмет етіп жүрген тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Базарда жұмыс жасайтын топ құрамы:
1. Облыс прокуратурасы
2. ШҚО Кәсіпкерлер палатасы
3. ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті
4. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті
5. ШҚО Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті
6. ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясы
7. ШҚО Ішкі істер департаменті
II. Жеке жүк тасу; ірі габаритті жүк тасымалдау қызметін көрсету; сондай-ақ, жүк тиеу қызметін ұсынатын тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Мақсаты: жұмысқа тұруда қиындықтар орын алған жағдайда (жүк тасу қызметін ұсынушы тұлғалар) мемлекеттік кірістер органдары есебіне тұруға қарсылық білдіру себептерін анықтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарына есепке тұруға ықпал ету.
11 қараша 2016 жыл (жұма, бір күн бойы):
Абай даңғылы бойындағы (жеке жүк тасу) автовокзал аумағы, Айналма шоссе ауданы (ауыр жүк автокөліктері), Өскемен қаласының Буров көшесі бойындағы вокзал аумағы (жүк тасу қызметін ұсынушы тұлғалар)
Көшпелі жедел топ құрамы:
1.Өскемен қаласы Прокуратурасы
2. ШҚО Кәсіпкерлер палатасы
3. Өскемен қаласы ІІБ
4. ШҚО Мемлекеттің кірістер департаменті
5. ШҚО көлік бақылау инспекциясы
6. ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы (жүк тиеу қызметін ұсынушы тұлғалар)
III. Кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар, даму институттары мен табиғи монополиялар субъектілері өкілдерімен кездесуі
Кәсіпкерлердің даму институттары өкілдерімен кездесуі
14 қараша 2016 жыл (дүйсенбі, 10.00-12.00), өтетін орны – ШҚО Кәсіпкерлер палатасы
1. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ШҚО бойынша филиалы
2. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ШҚО бойынша филиалы
3. «Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету» АҚ ШҚО бойынша филиалы
4. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының ШҚО бойынша өңірлік филиалы
Кәсіпкерлердің антимонополиялық органдар, табиғи монополиялар субъектілерімен кездесуі
14 қараша 2016 жыл (дүйсенбі, 15.00-17.00), өтетін орны – ШҚО Кәсіпкерлер палатасы
Кәсіпкерлердің атқарушы органдары өкілдерімен кездесуі
15 қараша 2016 жыл (сейсенбі, 10.00-12.00), өтетін орны – ШҚО Кәсіпкерлер палатасы
Кәсіпкерлердің сот және құқық қорғау органдарымен кездесуі
16 қараша 2016 жыл (сәрсенбі, 10.00-12.00), өтетін орны – ШҚО Кәсіпкерлер палатасы
1. ШҚО МКД Экономикалық тергеу қызметі
2. ШҚО Ішкі істер департаменті
3. ШҚО Әділет департаменті (сот актілерінің орындалуы)
4. Шығыс Қазақстан облыстық соты
Кәсіпкерлердің мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары өкілдерімен кездесуі
16 қараша 2016 жыл (сәрсенбі, 15.00-17.00), өтетін орны – ШҚО Кәсіпкерлер палатасы
18 қараша 2016 жыл (жұма, 18.00-19.00)
Теледебатқа қатысушылар тізімі:
V. Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі
22 қараша 2016 жыл , өтетін орны: облыс прокуратурасы
VI. Кәсіпкерлер құқығын қорғау туралы заң ережелерін сақтау жөнінде прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы.
25 қараша 2016 жыл (жұма), өтетін орны: облыс прокуратурасы
Пікір қалдыру:
Пікірлер: